17 Қаңтар, 2018 Саясат
Әлемдік саясаттағы сымбатты ханымдар
Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі назарларыңызға әлемдік саясатта бой көрсетіп жүрген сымбатты ханымдар тізімін ұсынады.
Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі назарларыңызға әлемдік саясатта бой көрсетіп жүрген сымбатты ханымдар тізімін ұсынады.
Иванка Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамптың тұңғышы және Ақ үйдің кеңесшісі Иванка Трамп әкесінің ең сүйікті перзенті. Ол Трамптың бірінші әйелі Иванадан туған. Иванка бұрындары сәнбике болумен қатар, ТВ шоуларда бой көрсеткен. Қазірде өзінің кәсібін дөңгелетіп отыр. 36 жастағы Президент қызы 2009 жылы миллиардер Джэред Кушнермен шаңырақ көтерген.
«Саясаттан аулақ болғым келеді» деген мәлімдемесіне қарамастан, Иванка америкалық Президентке саяси шешімдер қабылдау кезінде өз пікірін білдіріп отыратындығын жария етті.
Трамп қызының құпия байланыстары жоқтығынан және оған толықтай сене алатындығынан, көптеген мәселелер жөнінде кеңеседі. Алайда, Иванка мен Дональд Трамптың пікірі үнемі бір жерден шыға бермейді. Мәселен, Fox and Friends басылымына берген сұхбатында Иванка:
-Мен саясаттан бойымды аулақ ұстауға тырысамын. Әкемнің саяси түйсігі таңғаларлық. Ол басқалары бітіре алатындығына күмәнданған істерді тындырды. Ол билікке келген бірінші күннен бастап, менің де оған араласқаныма қуанамын. Әрине, көп жағдайда әкемнің ойымен келісе бермеймін және өзімді саяси қайраткер болады деп те есептемеймін,-деген Иванка әлемдік саясатта бой көрсетіп жүрген сұлу әйелдердің бірі.
Мелания Трамп
Сұңғақ бойлы, сымбатты Американың бірінші ханымы Мелания Трамптың бес тілде (ана тілі – словян, ағылшын, француз, серб және неміс) еркін сөйлей алатындығын көпшілігі біле бермейді.
Мелания он жыл шамасында түрлі танымал сәндік Vogue, Harper Bazaar, Ocean Drive, Avenue, InStyle және New York magazine басылымдардың басты беттерінен түспей келді. Әрине, бас кезде сән журналдарына жалаңаш түскен суреттері мен Трамптың қасында сайлау науқанында болмауы сыналса да, қазіргі кезде жұрт оны бірінші ханым ретінде қабылдады.
Меланияның әкесі автокөлік саудасымен айналысқан, ал анасы сән дизайнері. Қазіргі кезде бірінші ханымның бір ұлы және төрт өгей баласы бар.
Саясатта Мелания мен Иванканың киім кию үлгілері екі түрлі таптың бейнесін айқындайды. Мәселен, Мелания Трамп көпшілікке шабыт бергісі келіп, өте қыбат Dolce & Gabbana, Ralph Lauren және Balmain сынды қарапайым халықтың қалтасы көтере бермейтін брендтерден киінеді. Ал Иванка болса, орта тап өкілдері таңдайтын Zara сынды арзанырақ дүкендерді қанағат тұтады.
Бриджит Макрон
Франция Президенті Эммануэль Макронның жары Бриджит Макрон бірінші ханым рөлін тек бейресми түрде ғана атқаратындығын айтты. Бұл шешім француздардың жаңа Президент Эммануэльдің әйелін Францияның алғашқы ресми бірінші ханымы ретінде тану туралы жоспарына қарсылығы есепті болған.
Оның үстіне Франция билігі саясаткерлердің отбасы мүшелерін жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қатыстыруға тыйым салу туралы шешімін шығарғалы қашан.
315 мыңға жуық Франция тұрғыны Макрон ханымның үкіметтен жалақы алуына қарсылықтарын білдірген петицияға қол қойды. Ал мемлекет өз кезегінде Бриджит ханымның атқаратын істеріне қанша төленетіндігі жария етілетіндігін хабарлаған.
Осы жағдайдан кейін орнаған тыныштықты бұзған Бриджит Макрон өзін бірінші ханым ретінде санамайтындығын және бұл рөлді тек бейресми түрде ғана атқаратындығын айтты. Ал бұрынғы бірінші ханым, Франсу Олландтың әйелі Валери Триервейлерге 2013 жылы француз бюджетінен €400,000 қаржы жұмсалған болатын.
Хайа бинт Аль Хуссейн
Дубай шейхі Мұхаммедтің екінші әйелі Хайа бинт Әл Хусейн 1974 жылы 3 мамырда Иордания королі Хуссейннің отбасында дүниеге келген. Хайа Ангиядағы Дорсеттегі Bryanston School-да және Оксфорд университетіне қатысты қасиетті Хильда колледжін философия, саясат және эконоика салаларын үздік тәмамдаған.
Ханшайым Tikyet Um Ali аталатын Иорданиядағы аштықпен күресетін гуманитарлық қорды құрды. Сонымен қатар, ол араб әлемі халықтарына гуманитарлық көмек көрсететін Dubai's International Humanitarian City атты қорды да басқарады. 2007 жылы шілдеде ол БҰҰ-ға тыныштық елшісі болып тағайындалды.
Ханшайым Хайамен байланысты шулы оқиғалар да аз емес, оған қоса ол әйелдердің мүмкіндіктері кең екендігіне сенеді және олардың БАӘ экономика, қоғам, спорт, өнер және саясатында айтулы жетістіктерге жетуі үшін қызмет етуде.
Шейха Моза Бинт Насір
Катардың бұрынғы әмірі әйелінің бүркенішін шешіп қана қоймай, саясатқа араласуына да жол берді.
Шейха Моза Бинт Насір – Катардың бұрынғы әмірі шейх Хамад бен Халифа-әл-Танидың үш әйелінің екіншісі. Ол әлемдегі ең стильді бірінші ханымдардың бірі ғана емес, қоғам қайраткері және саясаткер.
Орталық Шығыс әйелдерінің сұлулық символына айналып кеткен Шейха Моза Катар қауымдастығының төрағасы.
Мозаның өмірін экрандық туынды етсе, «Ғаламат ғасыр» сынды теле хикая шығар еді, бірақ сұлтан Сүлейменнің орнында Катар ханзадасы Хамад, ал Хюремнің орнында беделді катарлық кәсіпкердің қызы Моза болар еді.
Мәселен, дәл осы Мозаның бес баласының ішіндегі ұлы Тамим Катар шейхі Хамадтың орнына билікке келді. Бұл Мозаның беделіне тағы да қосылған артықшылық десе де болады. Себебі шейх Хамадтың үш әйелінен жалпы алғанда жиырма бала-шағасы бар.
Оған қоса Моза «Forbes» журналының бағалауынша әлемдегі ең ықпалды 100 әйелдің қатарына кіреді.
Алина Кабаева
2008 жылдан бері БАҚ беттерінде «Ресей Президенті Путинмен көңіл қосты мыс» делінген спортшы, Алина Кабаева әлем назарын өзіне аударған саясаттағы сұлу келіншектердің бірі.
2004 жылы әлем чемпионы атағын иеленбес бұрын Кабаева 18 жасында саясатта танылып, дауыс беру құқығына иеленіп қана қоймай, өзі де сайлауға түскен. Ол 1983 жылы Ташкентте спортсмендер Любовь және Марат Кабаевтар отбасында дүниеге келген.
2005 жылға дейін Алина «Единая Россия» партиясының құрамында болса, одан кейінгі жылдары РФ-ң Қоғамдық палатасында мейірімділік қорларының дамуы мен спортшыларды сақтандыру мәселелерімен айналысқан. Ол спортшыларды сақтандыру жөніндегі өзінің ұстанымын асқан жігерлілікпен қорғап, Мемлекеттік думаға дейін көтерілді.
Алина 2007 жылы көркем гимнаст спортшысынан Мемлекеттік дума депутатына айналды. Ал 2014 жылы ол өз бетімен думадағы лауазымын босатты. Осы жылдың күзінде «Ұлттық Медиа Топ» басшылары кеңесінің төрағасы атанса, 2016 жылдан бастап, «Спорт-Экспресс» басшылар кеңесінің төрағасы болып отыр.
Мехрибан Алиева
Әзербайжан Президенті Ильхам Алиевтың әйелі Мехрибан Алиева әлемдегі ең сұлу бірінші ханымдардың бірі. Президент Ильхам Алиевтың оны «Әзербайжанның бірінші вице-президенті» деп атағаны күллі әлемді дүрліктірген еді.
Мехрибан Алиева 1964 жылы 26 тамызда Бакуде интеллигенттер отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Ариф Пашаев бакулық Ұлттық авиация академиясының ректоры, ал анасы Аида Иманкулиева танымал филолог. Мехрибан жастайынан білімге құштар болып, мектепті алтын белгімен тәмамдаған. 2005 жылы ол философия ғылымдары кандидаттығын қорғады.
53 жастағы сұлу да сымбатты Әзірбайжанның бірінші ханымы өз қызынан да жас көрінетіндігі жөнінде БАҚ беттерінде жазылып жүр. Өзгелер оның сұлулығы Батыстың қымбат хирургиялық оталарының арқасында сақталған деген пікірде.
Мехрибан Алиева мансап жолын өзінің мамандығы бойынша, Мәскеу ғылыми-зерттеу көз институтының қызметшісі болып бастады. 2002 жылы Мехрибан Әзірбайжан гимнастика федерациясының президенті ретінде сайланып, артынша Гайдар Алиев фондының президенті атанды. 2005 жылы парламентте «Жаңа Әзірбайжан» партиясының атынан Милли Мәжіліс депутаты болып қызметке келді.
Алиева мансабының шарықтаған шегі Ильхам Алиевтың оны Әзірбайжанның бірінші вице-президенті етіп сайлауы болды.
Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева
Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева қоғам және мемлекет қайраткері. 54 жастағы Назарбаеваның білімі жоғары және ол қазақ, орыс, ағылшын, итальян және аздап неміс тілін де меңгерген.
Дариға ханымның мансап жолы өте ұзақ және көпшілігі жауапты лауазымдар. Мәселен, 2002-2006 жылдары - «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары болып тағайындалса, 2012 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Мәжіліс депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени комитетінің Төрайымы қызметін де атқарды.
Ал 2015 жылдың 11 қыркүйегінен бастап, Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болды. 2016 жылы ҚР Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. 2017 жылы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева ҚР Сыртқы істер министрлігі қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы болып сайланды
Жеке өміріне келер болсақ ол 1983 жылы ол Рахат Әлиевке тұрмысқа шыққан. 1985 жылы ол тұңғыш ұлы Нұрәли Әлиевті өмірге әкеледі. 1990 жылы Айсұлтан Назарбаевты босанады. Ал 2000 жылы Венера есімді қызды болады.
Дариға Назарбаева саяси қызметпен қоса, музыкамен де айналысқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір