• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:46:36
Алматы
+12°

22 Наурыз, 2018 Әлеумет

АҚШ елшісі қазақ тілін қалай үйреніп жүргенін айтты

«Бүгін Facebook-тегі парақшамызда елшіліктің Наурызды тойлап жатқан видеосын көрулеріңіз мүмкін», - деді ол.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін қалай меңгеріп жүргенін айтты. 

«Қазақ тілінде құттықтау менің идеям, алайда тілді еркін меңгермегендіктен қиын. Мен тырысып жүрмін, мәселен «Бүгін Наурыз күні құтты болсын, Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын, ақ мол болсын!». Бүгінгі мейрамға орай айта алатыным – осы ғана. Бірақ мен қазақ тілін үйрену үшін арнайы курстарға бармағанмын. Бұған дейін Өзбекстандағы елші болып жүргенімде тілді үйренуге уақыт болған жоқ. Ал Өзбекстанда елші болмай тұрып, өзбек тілін үйренуге уақытым болды. Мен қазақ тілінде өзбек акцентімен сөйлеймін», - деді Джордж Крол tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Елшінің айтуынша, ол қазақ тілін өзі, ешқандай курстарға бармай үйреніп жүр.

«Бүгін Facebook-тегі парақшамызда елшіліктің Наурызды тойлап жатқан видеосын көрулеріңіз мүмкін», - деді ол.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір