11 Сәуір, 2018 NEWS
Аяусыз соққыға жығылған мешіт күзетшісі ауруханада көз жұмды
Құзырлы органдар аталған істі тексеру үстінде. Мәлім болғандай, күдікті деп танылған 20 жастағы жігіт психикалық ауытқуы бар деп танылып отыр.
Петербор қаласының тергеу органдары 20 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғады. Ол егде жастағы мешіт күзетшісінің өліміне кінәлі деп танылып отыр. Бұл жайында Риа Новости хабарлайды.
Құзырлы органдар аталған істі тексеру үстінде. Мәлім болғандай, күдікті деп танылған 20 жастағы жігіт психикалық ауытқуы бар деп танылып отыр.
— 9 сәуірде Петербор қаласындағы мешітте 1947 жылы дүниеге келген мешіт күзетшісі мен жиырма жастағы жігіт арасында ұрыс шыққан. Артынша жас жігіт күзетшіні аяусыз соққыға жыққан. Қарт кісі жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, 10 сәуірде көз жұмды, - делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір