10 Мамыр, 2018 Саясат
Ким Чен Ын қамаудағы АҚШ азаматтарына рақымшылық жасамақ
Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың өтінішіне байланысты, елде ұсталған үш америкалық азаматты босатуға рұқсат берген
КХДР көсемі Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың өтінішіне байланысты, елде ұсталған үш америкалық азаматты босатуға рұқсат берген деп хабарлайды РИА НОВОСТИ.
Кореяның Орталық телеграфтық агенттігінің мәлетінше, КХДР лидері АҚШ президентінің ұсталған америкалықтарды босату жайындағы ресми хабарламасына сәйкес, оларды босатып, еліне қайтаруға шешім қабылдаған.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео КХДР-ға сапары барысында Ким Чен Ынға Трамптан "ауызша хабарлама" жеткізген. КХДР лидері өз кезегінде АҚШ президентінің мәселені диалог арқылы жеткізуін жоғары бағалаған.
Помпео сапарының соңында Солтүстік Кореяда қамауда болған АҚШ азаматтарын алып кеткен.
Айта кетейік, АҚШ президенті солтүстіккореялық лидермен мамыр немесе маусым айында кездеседі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір