• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 16:09:09
Алматы
+12°

13 Ақпан, 2018 IT

Қазақстанда латынша жазылған жеке куәліктер 2021 жылдан бастап беріледі

Қазақстанда латынша жазылған жеке куәліктер 2021 жылдан бастап берілетін болады.

Қазақстанда латынша жазылған жеке куәліктер 2021 жылдан бастап берілетін болады. Бұл туралы 13 ақпанда ҚР үкіметі отырысында мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оның сөзінше, латын әліпбиіне көшудің алғашқы сатысы 2018-2020 жылдарға жоспарланып, алдын ала құқықтық нормативтік жаңартулар мен латын графикасына өтудің ІТ-бағдарламалары жасалады.

-Латынға көшудің екінші сатысы 2021-2023 жылдарға жоспарланған. Оған дейін арнайы семинарлар мен дайындық курстары жүргізіліп, бұл жұмыстарға ғалым-филологтар тартылатын болады,-деді ол.

Ал үшінші сатысы 2024-2025 жылдарға белгіленіп, мемлекеттік органдарды және білім беру орталықтары мен БАҚ құралдарын латын қарпіне көшіру аяқталуы керек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір