• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:14:04
Алматы
+12°

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабы 4-тармағына сәйкес 2017 жылғы 29 қазанда республиканың 15 өңірінде 105 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сайлау науқаны барысында депутаттық мандаттарға үміткер ретінде барлығы 370 азамат ұсынылды.

Барлық қажетті рәсімдер өткізілгеннен кейін округтік сайлау комиссиялары облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттығына 335 кандидатты тіркеді.

Депутаттыққа тіркелген кандидаттардың декларациядағы күмәнді мәліметтеріне байланысты 14 адам тіркеуден алынып тасталды.

Тіркеу рәсімінен кейін мәслихат депутаттығына 23 кандидат өз өтініші бойынша кандидатураларын алып тастады.

29 қазанда сайлау бюллетеньдеріне мәслихаттар депутаттығына 298 кандидаттың тегі енгізілді.

Орташа бәсекелестік бір депутаттық мандатқа 2,84 кандидатты құрады.

Дауыс беру 612 сайлау учаскесінде өтті.

Аумақтық сайлау комиссияларының алдын ала деректері бойынша сайлаушылар тізімдеріне барлығы 722 709 сайлаушы енгізілді.

Сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылардың саны - 519 139 адам. Осылайша, қосымша сайлауға келу 71,8 %-ды құрады.

Дауыс беру барысын кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жалпы саны 1609 байқаушы және БАҚ-тың 133 өкілі байқады.

Республика бойынша барлығы облыстық мәслихаттардың 22 депутаты, қалалық мәслихаттардың 19 депутаты және аудандық мәслихаттардың 64 депутаты сайланды.

         Сайланған мәслихаттар депутаттарының 102-сі «Нұр Отан» партиясының, 1-еуі «Ауыл» партиясының, 1-еуі ҚХКП партиясының мүшелері, 1- еуі партияда жоқ.

         Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында 82 (78,1 %) ер адам және 23 (21,9 %) әйел адам. Әйел депутаттардың көпшілік саны Қостанай облысында (6 депутат) сайланған. Ақмола, Жамбыл облыстарында әйелдер мәслихаттар депутаттығына ұсынылмаған.

          Сайланған мәслихаттар депутаттарының орташа жасы 43,9;

оның ішінде:

облыстық мәслихаттарда – 48 жас;

қалалық мәслихаттарда – 43,2 жас;

аудандық мәслихаттарда – 40,6жас.

          Мәслихаттың ең жас депутаты 24 жаста. Ол Алматы облысы, Ескелді аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.

          Білімдері бойынша депутаттардың көпшілігі дәрігерлер, инженерлер, экономистер, мұғалімдер, жұмыс топтары бойынша – мемлекеттік мекемелердің, коммерциялық құрылымдардың, саяси партиялардың және ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдардың) қызметкерлері.

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 111-бабына сәйкес мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей анықтайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір