• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 09:42:43
Алматы
+12°

27 Қыркүйек, 2016 Ғылым-білім

Қазақтың үш биінің ескерткіші Тибетте тұр

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды үш биіміздің мүсінінің Қазақстан топырағының қай аумағынан болса да кездестіруіміз ешқандай таңғаларлық емес жәйт. Өйткені...

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды үш биіміздің мүсінінің Қазақстан топырағының қай аумағынан болса да кездестіруіміз ешқандай таңғаларлық емес жәйт. Өйткені, олар өзінің ана топырағында әспеттеліп жатыр. Ең қызықтысы, біз дүниенің жотасы болған Тибеттен үш бидің мүсінін көріп қалып қуанышты қойнымызға сидыра алмай, аспанға бір, мүсінге бір қайталап қарай бердік. Тибет үстіртінің терістік қатпарын құрайтын Шүлентауындағы Ақсай деп аталатын аудан міне осы үш бидің мүсініне тұғыр болып отырған жер.

Ақсай ауданы әкімшілік жақтан ҚХР-дың Гансу провинциясы Сорбұлақ (Жючуан) аймағына қарайды. Ауа жетісе бермейтін, шарт-жағдайы нашар, жерге шөптің өзі жалап-жұқтап қана шығатын бұл өңірдің аумағы 32 мың шаршы километрді алып жатқанымен небары он мыңнан астам ғана жан тіршілік етеді. Аудан халқының жартысына жуығы – қазақтар. Бұл қазақтар ХХ ғасырдың басынан бастап, 30,50-жылдарда тарихи зобалаңдарға тап болып қан мұнарының ішінде Гималайға қарай дүркін- дүркін  көшкен Алтай Қазақтарының жұрнағы. Аудан 1954 жылы Қазақтардың ұлттық автономиялық ауданы болып құрылған, толық аты: Ақсай Қазақ Автономиялық Аудан. Бұл күнде Ақсай Қазақ автономиялық ауданы әкімшілік жақтан Жыңғылды кенті (аудан орталығы), Алтын аулы, Ақши аулы сынды үш үлкен бөліністен және 11 ұсақ ауылдан тұрады. Аудан орталығы болған Жыңғылды кентіндегі үкімет үйлері мен мәдениет ошақтары түгелдей Қазақ ою- өрнектерімен әшекейленіп ұлттық үлгіде жобаланып салынған. Бір көрген жан осы бір Қазақтың шығыстағы қастерлі отауына ыхыласы түсіп, амандығын тілейді. Бұл ауданнан керемет этнографиялық аудан қазақ жерінде барма екен, әлемдегі ең үлкен қазақ киіз үйі де бұл ауданның орталығына тігілген болып Майқы бидің кеудесіндей болып аңқиып тұрады, аудан кентіндегі әрбір көше-көшенің бойына ұлық қазақтың батырлары мен билерінің мүсіндері іркес- тіркес орнатылыпты. ҮШ БИІМІЗДІҢ МҮСІНІ ДЕ ОСЫ АРАДА ҚҰРЫШТАЙ ДЕНЕЛЕРІМЕН МЫҒЫМДАНЫП ОТЫР.

Бұл қасиетті алқаптағы сіздерді ең бір тартып құшағына шақыратын жер - Ақсай ауданының ұлттық мұражайы.  Мұражайда 600-ден астам мұрағаттар мен 1200-ден астам тарихи заттар қойылған болып мұндай кесек ұлттық бояуға жететін мұражайдың Қазақстанда да жоқ екеніне көзімізді жеткіздік. Мұражайдың босағасын күзетуші – ау мылтығын асынған күйінде қолына бүркіт көтеріп, сәйгүліктің үстінде қақшиып тұрған айбарлы Қазақ азаматы(үлкен мүсін).  Мұражайда өзгеріп- тозбайтын ерекше мәтериялдармен Ланжоу қаласында жасалған Қазақ өмірінің айнасындай болсыншы деген ниеттегі ұлттық киімде киінген ақсақал мен әженің, жігіт- жедеңнің, келіншек пен балалардың топтық мүсіні де өз ершімділігімен көз нұрын ұйытады. Дүниедегі сақталып қалған ең үлкен арқардың мүйізі де осы мұражайда байырғы көлеңкені сыңсытып тұр.

Таңғажайыбы көп ауданның хаюанаттар бағы да бар еді. Ақсай ауданының хаюанаттар бағында құлан, түйекиік, көк ешкі, көктеке сияқты шанда бір ұшырайтын аңдар да болғаннан тыс ұлар, қырғауыл сынды құстары да қауырсындарын қалбырлатып отыр.

Бұл өңірдің жер бедері қанша татыран болса да, жұрты бай тұрады екен, таң шапағында қылтанағы аз даласына соншама шаңырақ мың- мыңдап қой өргізіп шығарып бара жатты... 

Көкбөрі Мүбарак

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір