• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:33:40
Алматы
+12°

24 Сәуір, 2018 Әлеумет

Саргсян кетіп, Пашинян босаған күн (видео)

23 сәуірде Серж Саргсян отставкаға кетті. Бұдан сәл бұрын жексенбі ұсталған наразылық жетекшісі Никол Пашинян қамаудан босатылды.

23 сәуірде Арменияда он шақты күнге созылған оппозиция шеруінен соң премьер-министр Серж Саргсян отставкаға кетті. Бұдан сәл бұрын жексенбі ұсталған наразылық жетекшісі Никол Пашинян қамаудан босатылды.

Дүйсенбі кешкісін Ереванның Республика алаңында наразылық акциясының лидері болған, оппозициялық депутат Никол Пашинян жаңа премьер-министр бір аптаның ішінде сайлауы керек деп мәлімдеді.

Никол Пашинян Армениядағы биліктің бейбіт жағдайда ауысына қатысты талаптарды қайталады. Ол бірінші кезекте Серж Саргсянның премьер-министр қызметінен кетіру талабы орындалды деді. Енді бір апта ішінде Ұлттық мәжіліс жаңа премьер-министрді сайлауы керек.

Пашинян мерзімінен бұрын парламент сайлауы барынша қысқа мерзімде қайта өтуі тиіс екенін айтты. Сонымен бірге 25 сәуірде «Марриотт Армения» қонақ үйінде уақытша премьер-министр қызметін атқарушы Карен Карапетянмен келіссөз жүретінін де хабарлады.

Серж Саргсян 11 күнге созылған халық толқуынан кейін премьер-министр қызметінен кетті.

Серж Саргсян 2008-2018 жылдарға дейін Армения президенті болған. Осы уақытта ол Конституцияға өзгерістер енгізіп, премьер-министр өкілеттігін кеңейткен. 17 сәуірде президенттік өкілеттігі аяқталғаннан кейін, наразылыққа қарамастан үкімет тізгінін қолына алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір