16 Қараша, 2017 NEWS
Ұлын өлтірген қылмыскерді кешіретінін айтқан әкенің шарты қандай?
Өміріңнің жалғасы болған ұрпағыңды біреу өлтірсе, кешірім беру оңай ма?! Ашуды ақылға жеңдіріп, кешірімділік танытудың нәпсіге де тым ауыр келетіні рас.
Өміріңнің жалғасы болған ұрпағыңды біреу өлтірсе, кешірім беру оңай ма?! Ашуды ақылға жеңдіріп, кешірімділік танытудың нәпсіге де тым ауыр келетіні өтірік емес,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі muslim.kz-ке сілтеме беріп жазады.
Дегенмен, тағдыр жазуына төзімділік танытып, ұлын өлтірген қылмыскерге кешіріммен қарай білген жандар аз емес. Сондай жандардың бірі Рабиа әл-Дусари ұлының қазасына кінәлі Файсал әл-Амери қасиетті Құран кәрімді толығымен жаттап шықса, кешірім беретініне уәде берді.
Қайғыдан қан жылаған қария бұл қадамға Шығыс провинциясының түзету жөніндегі Жоғарғы комитет өкілдерімен сұхбаттасқаннан кейін барған көрінеді. Бірақ, ол берілетін материалдық өтемақыдан бас тартып, өз шартын қойған: қылмыскер түрмеде отырған кезінде Құран Кәрімді толығымен жаттап шықса, басына азаттық алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір