• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 13:39:55
Алматы
+12°

25 Ақпан, 2018 NEWS

Ұлттық бюро экс-әкім Рысқалиевті тергеуге шақырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевке қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.

Айта кетейік, бюро экс-әкімнен басқа Рысқалидің, Әлбақасовтың және тағы да басқалардың ісін тергеп жатыр. Мамандардың хабарлауынша, тергеу барысында бұрынғы әкім мен оның сыбайластарының заңға қайшы әрекеттермен айналысқанын дәлелдейтін деректер анықталды.

«Жиналған материалдар күдіктілердің заңға қайшы жасалған, қылмыстық топ құру және оны басқару, лауазымды асыра пайдалану, мемлекеттік мүлікті және бюджет қаражатын алаяқтық жолмен тонау және иемдену, пара алу, сонымен қатар, оны кейін заңдастыру әрекеттерін дәлелдейтін мәліметтерді табуға жол ашты», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚПК 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес, күдікті шақырту арқылы тергеуге шақырылады. Алайда, Рысқалиев, Рысқали, Әлбақасов және өзге де күдіктілердің Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтарғандарына байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК 205-бабы 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктілерді тергеуге шақыртуды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялады.

«Күдікті Рысқалиев, Рысқали, Әлбақасов, Желдібаев, Ізбасар, Сүлейменов, Жолмағамбетов, Теміралин және Даневич жедел-тергеу тобы олардың қатысуымен тергеу шарасын өткізу үшін, 2018 жылдың 2 наурызы сағат 10.00-ге дейін, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37 мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының әкімшілік ғимаратына келуі тиіс», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, күдікті тергеу шарасына қорғаушысын шақыра алады немесе қорғаушы беру туралы өтініш жаза алады. Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, тапсырмасы бойынша қатысатын өзге де тұлғалар шақырмайтын болса, қорғаушыны орган береді. Егер белгіленген уақытта келуге кедергі қандай да бір себеп болса, қорғаушыны қатыстыру жөнінде өтініш болса, күдікті немесе оның заңды өкілі қылмыстық тергеуді жүргізетін органға алдын ала ескертуі тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір