• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:55:09
Алматы
+12°

03 Сәуір, 2018 Спорт

WBC президенті: Головкин-Альварес реваншы болмайды

Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді.

Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық «Канело» Альвареспен (49-1-2, 34 КО) өтуі тиіс реванш 5 мамырда өтпейтін болды. Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі SPORTINFORM  мәліметіне сүйеніп. 

— Менің пікірімше Головкин мен  Альварес арасында жекпе-жек болмайды. Альварес ісі бойынша Невададағы тыңдалым 18 сәуірге көшірілді. Сондықтан жекпе-жектің 5 мамырда өтетінін көз алдыма келтіре алмаймын, — дейді Сулейман ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, Сауль Альварес Невада штаты Атлетикалық комиссиясының (NSAC) шешімімен уақытша спорттан шеттетілген еді. Наурыздың  басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан тыйым салынған препарат — Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір