13 Ақпан, 2018 NEWS
Зейнетақы жинақтарының сақталуына беретін кепілдігі өзгерген жоқ
Мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуына беретін кепілдігі өзгерген жоқ
Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нарматов Айдынжан айтты.
Оның ақпаратынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2013 жылы елімізде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылып, оған зейнетақы активтерін шоғырландыру жұмысы аяқталды. Бұл ретте мемлекеттің зейнетақы жинақтарының сақталуына беретін кепілдігі өзгерген жоқ.
Зейнетақы жинақтарын ұлғайтуды қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап:
а) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімімен демалыста отырған жұмыс істейтін әйелдердің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау жүргізілуде;
б) еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстарда істейтін қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушілердің қаражаты есебінен 5 %-дық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) енгізілді;
в) әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда.
Әйелдердің зейнеткерлікке ерте шығу мүмкіндігін сақтап қалу:
1) төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер 45 жаста;
2) 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жаста;
3) зейнетақы аннуитетін иемденген жағдайда зейнетақы жинақтары жеткілікті болса 50 жаста зейнеткерлікке ерте шыға алады,-деп атап өтті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір