08 Желтоқсан, 2017
Жыл таңдауы-2017: Ұлттық музыкалық кеште қапаланған қазақ көп
Сағат алтыдан басталуы керек концерт қырық бес минутқа кешіккенімен жиналған жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі.
Алматы аренада ұлттық музыкалық жүлде " Жыл таңдауы" деп аталатын əн мерекесі басталып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Аренадағы атмосфера...
Сағат алтыдан басталуы керек концерт қырық бес минутқа кешігіп басталды. Алғашқылардың бірі болып сахнаға шыққан Гүлнұр Оразымбетова "Менің нәзік үнімді тыңдасаң " деп əн шырқаса, Жігер Ауыпбаев "Алдамадың" деп көрермендерді қуантты. Ұйымдастырылу жағынан аз-кем кемшіліктер болғанымен, кеш өз орнымен жалғасып жатыр. Кеш жүргізушілері - жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіт, Құралай Анарбекова, Тәуекел Мүслім, Дəулет Бижанов, Нұрсұлтан Құрман, Əсел Асқар, Лəйлə Сұлтан,Майя Бекбаева, Ерке Есмахан, Юсуф Чим.
Ұлттық музыкалық жүлде кімдерге бұйырады? Қазақ шоу-бизнесінің бүгінгі деңгейі қандай? Осы сұрақтардың жауабын бүгін білетін боламыз.
Кештің ұйымдастырлуына халықтың көңілі толмады
Кешті тамашалауға келген Əсем есімді келіншекпен тілдестік. Концерт үшін қызымен ауылдан келген ол 5500 билет алып алданып қалғанына қапа. Себебі кассирлер ең қымбат билетке ең нашар орынды сатып жіберген. Олай дейтініміз, B2 деген сектор аппараттың қасында орналасқан. Биік аппараттан сахнаны көру мүмкін емес.
Əсем қызымен ұйымдастырылушарды шарқ ұрып іздегенімен нәтижеге қол жеткізе алмады. Волонтерлер шарасыз. Ешкім басқа орын ұсынбады.
Ал Қайрат есімді алматылық тұрғын бір ай бұрын 5000 теңгеге сатып алған билеттерінің бүгін 1000 теңгеге сатылып жатқанын көріп қапаланған. Кейбір секторларының орналасуына да көңілі толмайтынын жеткізді.
Ең қызығы, концертті тұрып көргің келсе, 2000 теңге бересің. Ұйымдастырылушылардың сөзіне сенсек, билеттер 500 теңгеден басталады екен. Ал ең қымбат билеттің құны 5500 теңге.
Оның үстіне есімі елге таныс емес əншілер де көп. Əзірге Серікбол Сайлаубек, "Меломен" тобы, Ғазизхан Шекербековтің өнер көрсетулері ерекше əсер қалдырды.
Кешті ұйымдастырушылар айтылған сынды дұрыс қабылдаса екен дейміз.
Ал Qamshy.kz өнерпаздарға сәттілік тілеп отырып, алда келе жатқан Тəуелсіздік мейрамымен баршаңызды құттықтайды! Ұлттық мүдде əрқашан үстем болсын!
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір