• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

15 Мамыр, 15:22:22
+35°

Игі шара «Таза Қазақстан» республикалықэкологиялық акциясы аясында өтуде.

Аталған акция 8 сәуірден 8 мамырға дейінжалғасып, оның бес аптасы белгілі біртақырыпқа бағытталуда.

Шара барысында  29 сәуір күні «Ассамблея бөбектері» ұранымен Қазақстан халқыАссамблеясы төрағасының орынбасарыЛугмар Буларов №18 балабақшатәрбиеленушілерімен бірге бейбітшілік пен келісімнің басты символы – Бәйтерекағашының көшеттерін отырғызады.

Ьаб

Сондай-ақ, бұл күні облыстық аналаркеңесінің ұйымдастыруымен аулалардытазарту және абаттандыру, белсенді ұзақ өмірсүру орталығында гүл егу жұмыстары қолғаалынса, Қордай ауданында жас бағбандарғаарналған шеберлік сабағы, Жуалы ауданындахалық жазушысы Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің аумағын жинаужәне басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

Игілікті шара соңында өңір жастарының «Өнегелі ұрпақ» атты флешмобы өтеді.

Бұған дейін «Киелі мекен» апталығы аясында Жамбыл облысында 60 тарихи-мәдени ескерткіштің, 143 саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. Акция барысында Сарысу ауданында қола дәуіріне тиесілі - петроглиф табылды, оның тарихы 3,5 мың жылды құрайды.

Ь

Сондай-ақ «Жасыл аймақ» апталығы аясында 12 350 ағаш көшеті отырғызылды.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері оған 27 мыңнан астам жамбылдық қатысып, мыңнан аса аула тазартылды. Оның ішінде 5 222 кәсіпорын мен әлеуметтік нысанның аумағы абаттандырылып, арнайы полигонға 4 280 тонна қоқыс шығарылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір