• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 20:53:27
Алматы
+35°

ҰҚК шекара қызметі сәуір айында 3 186 шекараны бұзу дерегі анықталғанын хабарлады.

Бір айда шекараны заңсыз кесіп өткен 38, шекараны бұзуға әрекеттенген 29 шетел азаматы ұсталған.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 342 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынған. Соның ішінде 49 дерек есірткі заттарына, 36 дерек қару мен оқ-дәрілерге, 38 дерек діни әдебиетке, 341 дерек сомасы 12 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдарына, 744 дерек халық тұтынатын тауарларға, 134 факті шетел валютасын шығаруға байланысты тіркелген.

Каспий акваториясында 120 браконьерлік фактілерінің алды алынған. Оның ішінде:

– 54 дана жүзу құралдары;

– жалпы ұзындығы 244,6 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

– 1 226 дана (6 тоннабекіре тұқымдас балықтар;

– 98 428 дана (61 тоннатаза тұқымдас балықтар;

– 63 дана (1 тонна) итбалықтар. 

Алды алынған залал сомасы 2,3 млрд теңгені құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір