• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 18:45:18
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгертілмек: Енді азаматтардың жынысы көрсетіледі

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізбек. Ол Ашық НҚА порталындағы құжат жобасынан белгілі болды, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап

Көрнекі сурет

Атап айтқанда, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 

"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады", – делінген ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Жаңа жоба 21 мамырға дейін талқыланады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір