• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 17:33:25
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

"Қазақстанның болашағы болмайды" - Жигули Дайрабаев

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Жигули Дайрабаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамасын сынға алды, -деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисембайұлы 20 минут баяндама жасадыңыз, бір сағат жауап бердіңіз. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің аузынан ауыл шаруашылығында осындай жасап жатырмыз деген бір сөз шықпады. Жалпы министрге және қатысып отырған басқа Үкімет мүшелеріне айтарым, егер сіздер Қазақстанды аграрлы ел ретінде мойындамайтын болсаңыздар, онда Қазақстанның болашағы болмайды. Онда бүгін сіздер айтып отырған «ана жерде зауыт саламын», «мына жерде машина саламын» дегеннің бәрі бос сөз. 20 миллион халық тамақ жейді. Отырған барлық министр, барлық шенеунік, бүкіл қазақстандық тамақ жейді, – деді Жигули Дайрабаев.

Сондай-ақ ол ауылдардың азайып бара жатқанын да қосты. Яғни, ол "Ауылды тоздырып бітірдік. 6295 қана ауыл қалды, оптимизация, ақша керек деп 1,5 мың ауылдың барлығының күл-талқанын шығардық" дейді.       

«Ең әуелі адами фактор бірінші орында тұру керек, ақша емес. Шарлапаев мырза мәселе солай. Ауыл шаруашылығы жөнінен Президент тапсырма қойды. 2,5 пайызға ауылдағы еңбек өнімділігін арттыру керек деді. Өнімділікті қайтіп өндіреміз? Күрекпен, балтамен, айырмен жүріп, жұмыс істейміз бе? Жан жаққа қарайық та. Мәселен, Қазақстанда әртүрлі ірілі-ұсақты ауыл шаруашылығының заттарын құрастыратын, жинайтын, локализация жасайтын 18 зауыт бар. Сол зауыттарда қазақстандық жастар жұмыс істейді. Сол зауыттың барлығын аралап көрдім. Біз лизинг деген әңгіме айттық, Президент 2022 жылы Үкіметке тапсырма берді. Одан бері биыл үшінші жыл өтіп жатыр. Биыл Президент Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Қазақстанның ЖІӨ-ін 2029 жылға қарай 450 млрд долларға жеткізу жеткізу керек деді. Сәуір айының басында премьер-министр Бектенов мырза 1 мамырға дейін 100 млрд теңге ақша бөліңдер деді. Бүгінгі күнге дейін көк тиын ақша бөлінген жоқ. Сонда Үкіметтен не күтуге болады? Елге Үкімет мынандай шешім қабылдайды дейді, сіздер орындамайсыздар. Сіздер Мемлекет басшысын халықтың алдында жаман көрсетіп жатсыздар», – дейді депутат.               

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір