• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Мамыр, 21:28:02
Алматы
+35°

Қытай "Чанъэ-6" зымыранын Айдың арғы бетіне ұшырды. Оның негізгі миссиясы – Жерге Айдан топырақ үлгілерін әкелу.

Жоспарға сәйкес, қытайлық зонд Оңтүстік полюске тереңдігі 8 км-ге жететін үлкен кратерге қонуы керек. Құрылғы тастар мен ай топырағын жинап, тәжірибелер жүргізеді. Жиналған топырақ арқылы Айдың шығу тарихын анықталуы мүмкін.

Миссия іске асу үшін зымыран Айдың арғы жағына қонып қана қоймай, теріс тұрған Жерге қарай бұрылу қажет болады.

Айта кетейік, 2030 жылға қарай Қытай өзінің алғашқы астронавттарын Айға қондырмақ, сонымен қатар Марс пен Юпитердің топырақ үлгілерін жинауды көздеп отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жер ай ғарыш

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір