• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
21 Шілде, 14:32:02
"НЛО" деген жарықтық не болып шықты?(видео)

30 Наурыз, 2016 Әлеумет

Туған елімізде «Ар дағдарысына» жол бермейік!

Ұлттық  мүддені   қорғауда белсенділік  танытып,  нәтижелі   жұмыстарды рет-ретімен атқарып  келе  жатқан &nbsp...

Ұлттық  мүддені   қорғауда белсенділік  танытып,  нәтижелі   жұмыстарды рет-ретімен атқарып  келе  жатқан  «Ұлы Дала   Қырандары» республикалық  қоғамдық      мәдени-әлеуметтік қозғалысының «Жас  Қырандар» жастар  қанатының  кезекті   бас  қосуында   болашақ  ұрпақтың  рухани-адамгершілік  тәрбиесі  мәселелері    талқыланды.  Әсіресе,  қозғалыс   лидерлерінің  бірі   Сәдібек   Түгелдің   танымал  «Қамшы» сайтындағы «Ар  дағдарысы» және басқа әлеуметтік желілерде  жарияланған   «Бақытсыз  қазақ  қыздары.  Олар   кімдер?» атты   мақаласы жастардың    қызу  пікір  таласын   тудырды. Сол      мақаланың  соңындағы   мына  төмендегі: -Не  істеу  керек? Арсыздықпен күресті одан  әрі  тегеурінді  түрде  жалғастыра  беру  керек.  Бір   сәтке тоқтамау  керек.Тоқтасақ  құримыз. Идеологиялық  жұмыстардың нашарлығынан жастарымыздың  рухани   азғындауы  шарықтау   шегіне  жетіп  тұр. Дәл  екі мың  жылдық  тарихы  бар,  қазақ  елінде  бүгінгідей     тәнін  сатып  қарабет  болу  болған  емес.   Ол  бізге      жиырмасыншы  ғасырдың  соңында    капитализммен  бірге  келді.  Қазақ  қыздарының   жезөкшелігі   ұлтқа  қара  таңба  болды.  Бір  миллиард  халқы  бар  үнді  елінің  ең   танымал  блогері Шахкар  Абиди   атты     журналисі әлемдік  секс - индустрияның  отаны - Қазақстан,   ал     астанасы-Алматы  қаласы  деп  жар   салды. Ол  Америка    Құрама  штаттары  дипмиссиясының  2012  жылдың  қорытындысына  арналған есебіндегі   Қазақстан  Республикасын әйелдер  және   жасөспірім  қыздардың секс-  трафигінің  бастаушысы  және  транзиттік  орталығы  ретінде көрсетті  деп  жазды. Бұдан  артық  қандай   клеймо  керек бізге. Дәл  осы  жағдайда   байлық неге керек,   барлық  неге керек. Ашығын  айтсам    осы  қалыптасқан  жағдай бізді   алаңдатып  отыр. Осы  азғындауды  тоқтатпасақ   күлкімізді    жия  алмай   қаламыз. Логикаға  салсақ секс-туризм, жезөкшелік,  адамдардың    азғындауы  экономикасы  өте  нашар, намысы  тапталған,  ар-ұяты  аз  елде  ғана  орын      алады  емес  пе? Біздің  мемлекеттік   ән-ұранымызда.  «Намысын  бермеген  қазағым   мықты  ғой» деген қанатты   сөздер  жазылған. Сөзсіз қазақ  әйелдері мен  қыздарының ар-ұятты  аяққа  таптап,  арсыздықтың  батпағына  батулары    ұлттық    қазақи  намысымызға    ауыр  соққы  болып  тұр. Не  істеу  керек дейсің?

Біріншіден: Барлық  қазақ  қыздары тегін  білім  алулары  керек.  Жоғарғы  оқу орындарындағы   ақылы  оқытуды  тоқтату  қажет.

Екіншіден:  «сексхана» және   «бордель»  болып   кеткен   сансыз  «сауна»,  «хауыз»,  «хамамдарды» «түнгі  жын-ойнақтарды» , «гей, гейша клубтарды», «қонақ  үйлерді» жабу  керек.

Үшіншіден: қазақтың  қыздары  тек  қазақтың  жігіттеріне  тұрмысқа  шығулары  керек.

Төртіншіден: лас  туризмді   елімізге  кіргізбеу  керек.

Бесіншіден: Идеологияға  және  жастар  тәрбиесіне  жете   көңіл  бөлу.

Алтыншыдан: идеология  саласында   телевидения,  радио,  интернет салаларын  қатты  қадағалап,  ұлттық  рухымызға  зиян  тидірмейтін   өнімдерді  ғана    көрсету   керек.

Жетіншіден:   Осы  жұмыстарға    арналған «Ұлы  Дала Қырандары»  республикалық  қоғамдық   мәдени- әлеуметтік  қозғалысы  дайындаған «25» -атты  маңызды  Бағдарламаны  Үкіметтік  деңгейде     қабылдап,    ұлттың    «АР-ОЖДАН»   мәселесін басты  назарда  ұстау  қажет  деп   есептеймін.   Бұл менің   азаматтық   ұстанымым  болып  саналады.

Сегізіншіден: бұл шаралар    ұлт  болып  ұйысып,  жұрт  болып  жұмылып   атқарылатын жұмыстар  болғандықтан,    бірігуіміз   керек,  тізе  қосып,  бірлесе   күрессек қана  ұлтымызды   «Ар дағдарысынан»   алып  шығамыз,  жастарды ,  қазақтың  қыздарын   азғындаудан   сақтаймыз.»- деген ұсыныстар мен  тұжырымдарға байланысты  қолдаулар  айтылынып,  көптеген   сұрақтар қойылды.

Осыған орай «Ұлы Дала Қырандары» республикалық  қоғамдық      мәдени-әлеуметтік қозғалысының  тең  төрағасы,    ҚР еңбек  сіңірген  қайраткері,  жазушы  Сәдібек Түгелмен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

-Аға,  жас қырандарыңыздың   қолдаулары мен  тақырыпқа  орай    айтқан  сауалдарын   жеткізіп тұрмын.

-Рахмет.

-Бірінші   сұрағым. Біздердің  «Қаржы,  экономика,  саяси  дағдарыс  дегендерден   хабарымыз  бар.  Ал,    Сіз  айтқан  «Ар  дағдарысы»   туралы    білмейді  екенбіз. Соны  ашып  айтып   берсеңіз?».

- Қойған  сауалыңызға    рахмет.  Жауап  берейін.

-Ар  дағдарысы - ар-намыс, ұят  дағдарысы. Атында  тұр емеспе.    Біздің    бабаларымыз      АР-ды,  Рухты  сақтауды  бәрінен   жоғары     ұстаған.  Оған  ұлт тарихы  куә. Біздің аталарымыз: «Малым жанымның  садағасы, жаным-АРЫМНЫҢ  садағасы. Малсыз болсаң да арсыз болма; әрлі болғанша – арлы бол; арыңды жеме, барыңды же; ар жазасы бар жазадан ауыр; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы» - деп өмір сүрген,  өлмес өсиет қалдырған.  Сондықтан  да, біздің  мемлекеттік   ән-ұранымызға   «Намысын  бермеген  қазағым   мықты  ғой» -деген қанатты   сөздер  жазылған шығар деп  ойлаймын.    Ал,  оның  қазіргі  кезеңдегі   іс-жүзінде жүзеге   асуы мен сақталуы    Сіз бен  бізді  осы  жерде  кездестіріп  тұр. Бұл   тұрғыда   қоғамда  шегінерге   жер  жоқ.  Әрекет  жасамасақ  құримыз.

Жалпы  алғанда: «Ар-ұждан — моральдық сана-сезім ұғымы әрі этика категориясы: жеке адамның өзінің қоғамдағы маңызын сезінуін және қоғамның осы маңыздылықты тану сәттерін қамтиды. Өзінің мазмұны және өзіңде көрініс табатын моральдық көзқарастың табиғаты жөнінен Ар-ұждан ұғымы "намыс" ұғымымен теңдес делінген»- Уикипидияда.

Өкпесі күйіп, көзі шығып тұрған Ар-Ождан мәселесі бір жиналыс  не  бір күнгі бас қосумен  шешіле  салатын  оңай  дүние емес.   Сіздер оны  оны жақсы түсініңіздер. Ол жан-жақты талқылауды,  үлкен зерттеуді,  ғылыми-әлеуметтік сараптауды және мемлекеттік, қоғамдық, ұлттық тұрғыда арнайы  бағдарлама қабылдап,  оңтайлы шараларды тегеурінді түрде жүзеге асырғанда және  ұлт болып ұйысып,  жұрт болып  жұмылғанда  ғана келеді. Біз Арды сақтау   жұмысын   қозғау барысында жаңа бір  Америка  ашып тұрғанымыз жоқ. Қайта,  қоғамның, Үкіметтің,  жаңадан  сайланған  Парламенттің,  халықтың  көңілін осы қазақтың намысын таптайтын,  ұлт руханияты саласындағы  нөмір бірінші  проблемаға  көңіл аудару,  қоғамдық пікір қалыптастыру, Үкіметті және Парламентті осы мәселемен жете  айналасуға   мәжбүрлеу    болып табылады.

-  Жаңа  Сіз,  біздің  аталарымыз  АР  мәселесін  бәрінен  жоғары   сақтаған деп айттыңыз.  Ол   қайда  және   қай  заманда  болған?

-  Ол   Ұлы  Далада  болған.  Қазақ  жаратылғаннан   мына    капитализм  келгенше  болған.

«Ұлы   Дала» туған  халқымыздың   қаны мен  тері   сіңген  құт  қонған,  ұялы мекені,  қадір-қасиеті,   болмысы мен   мәдениеті,  тарихы  мен өмірі,   абыройы  мен   айбыны.  Ұлы  Даланың   арқасында  қазағым  қор  болмаған, намысын  таптаттырмаған.    Бұл   ретте  айтарымыз,   Ұлы  Дала Елі   туралы    Қазақстан   Республикасының     Президенті       Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың ерекше  ұсыныстары мен  тамаша   бастамасын  толығымен  қолдаймыз  және  құптаймыз.  Айтарымыз,  Елбасы Ұлы  Даланың маңыздылығына  жете    көңіл  бөліп, биік  белеске   көтеріп  отыр.

- Сұрақ.  Ұлы  Даланың  елдің   «Ар-Намысын»  берік  сақтаудағы   қағидаттары мен    алғы  шарттары   қандай  болды?

-    Өте дұрыс  сұрақ.  Ең  алдымен  «Ұлы  Далада»    әділеттілік   болған.   Соттар   әділ  шешім  шығарған.  Қазіргі, кейбір  соттардай  көп   ақша  берсең   «Азаптап  өлтірілген,  өлген   адамның  өзін   жазықты жасап  қою» болмаған.   Олар  «Тура  биде  туған   жоқ» деп   өмір  сүрген.  Әділ  дала   демократиясы   болған. «Бас  кеспек бар  болса  да,  тіл  кеспек жоқ» деп   шырылдаған  шындық   жағында   болған.  «Ұлы  далалықтар» қай  кезеңде,  қай  ғасырда  болмасын   жемқорлықпен  аяусыз күрес жүргізіп,  ұры-қарылардың   көзін   құртып, олардан жерімізді  тазартып  отырған.  Аталарымыз, өлтірмегендерді атқа  теріс мінгізіп,  теріс  бата  беріп,   үрім-бұтағымен     барса  келмеске  жер аударған.   Олай  болмағанда ,  ұлтқа  қауіп  жемқорлықтан  деп   санаған.

 Қазіргі  таңды алсақ, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына, еліміздің көркейіп гүлденуіне, отанымыздың жедел қарқынмен дамып, өркениетті елдердің қатарынан ойып тұрып, орын алуына  зор кедергі болып отырған бір кесел бар. Оның аты - ЖЕМҚОРЛЫҚ. Коррупция мемлекетіміздің барлық саласында орын алып отыр. Пара алу, пара беру, бюджеттің қаржысын қымқыру, тендерлерден откат алу, жауапты мемлекеттік қызметтерді ақшаға сату белең алуда.    Соның кесірінен, кейбір әкімдер мен министрлер, жауапты жұмыста болған мемлекеттік шенеуніктер, бірінен кейін, бірі сотталып,   өсіп келе жатқан  жас ұрпаққа  өте жағымсыз үлгі көрсетіп отыр. Олар бақшадағы арам шөптей қаптап кетті.  Солардың  ішінде,   бұрынғы  Үкімет  басшысы  бар  дегенде  жағаңды   ұстайсың. Коррупциямен аяусыз күрес туралы сан рет заңдар қабылданды, бірақ жемқорлық жылдан -жылға меңдеп келеді. Қазір жемқорлық қарапайым  еңбеккерлердің мойындарына талтайып мініп алып, екі  өкпесін  қысып,  тынысын тарылтып барады. Бейне бір «Жеті басты, Айдаһар іспетті»,  қылғытып жеп, қазына байлығын аямай жұтып келеді. Әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер тарапынан, бюджеттің ақшасын жеу үдеп барады. Бұл үлкен қылмыс.

 Еліміздегі жемқорлықтың (коррупцияның)  әбден меңдеп, сіңіп кеткені сондай, адамдар арасында «жемқорлықты жою мүмкін емес» деген өте зиянды, әрі қате пікір қалыптасып,  қарапайым халық онымен келіскендей сыңай байқатуда.

 Бұл жерде біздің позициямыз анық.  Елбасының жемқорлыққа  қарсы  жүргізіп  жатқан  сындарлы     саясатын,  бағдарламаларын  қолдаймыз. Қоғамымызды жаулап алған жемқорлыққа тойтарыс беруге, күресуге болады. Дүние жүзінде коррупциядан ада болған, тазарған ондаған мемлекеттер бар. Бізде, солардың тәжірибесін енгізуіміз керек. Турасын айтсақ, мемлекеттің қалтасына қол салған шенеуніктер мен олигархтар әділ жазасын алып, өлім жазаларына кесілуі шарт.  Ол үшін, ең алдымен заңды қатайту керек.

Екіншіден,  «Ұлы  Даланың»   бірлігі  мен   ерлігі айтқанымыз  дұрыс  болар еді.  Осы    қазақтың  бірлігі мен    ерлігі  болмаса  әлемде   тоғызыншы  орын  алатын жерді     сақтап,   ұстап  тұра   алмаған  болар   едік. Бабаларымыз «Төртеу  түгел  болса,  төбедегі   келеді,   алтау  ала  болса   ауыздағы   кетеді,  бірлік  бар  жерде   тірлік  бар » деп  өмір   сүрген. Ия,  бізде   «Ұлы  Далада»     қайтпас-қайсар  ерлікте болған,  керемет бірлікте   болған. Аталарымыз  батыр  болған.  Оған  ешқандай  дау да жоқ,  талас  та  жоқ. Бір  мысал.  Шығыстан  шыққан   Ерасыл- Қабанбай   Қожағұлұлы хиуалықтардан,  басқа  да  жаулардан   оңтүстік  өңірді   үш  мәрте  өз   аяғымен  келіп   азат  еткен.  Мен  шығыстанмын  деп  жатып  алмаған.   Сондай  барлық   қазақ  батырлары     бірлікпен,   ерлікпен     қазақтың бүкіл  жерін  бірге  жүріп жаулардан тазартқан. 

3.   Үшінші  құндылығымыз: «Ұлы  Даланың» рухының  биіктігі  мен АР- Намысты,   ұлттық Ожданды   бәрінен   жоғары  ұстаулары.     Ықшамдап    айтқанда: «Ұлт  Руханиятын» Ту  етіп  ұстаған  біздің   батыр  да    әділ   ата –бабаларымыз.

-  Сұрақ: Аға,  Сіздің  осы  тақырыптарға  барынша   кеңірек  тоқталып   өтуіңізді дұрыс деп   санап  тұрмын.

-  АР  ұғымы  бәрін  қамтиды.  АР  болған  жерде  жеңісте  болады,  жетістік те  болады.Онда  ұлт  маңдайын  көтеріп  жүреді. Ал,  арсыздық    басқан  жерде  ұлт бақытсыз  болады.  Арсыздық белең   алған елдің  намысы тапталады,    сағы  сынып,  еңсесі  түседі,  бишара  болады. Міне,   арсыздық неге   әкеледі?  Шырылдаған  шындықты   жеткізер  болсақ, біздің  қалаларды  арсыздық  басып  алды. Қазір,  ұлтымыздың   болмысына,  мәдениетіне,    намысына, тұрмысына  өте  жат  мына құбылыстар:  жезөкшелік,  гейлер,  бір жыныстылар  махаббаты,   жалаңаштану,  жын-ойнақтар,   сауна-бордельдер,  қонақүй- бордельдер  үлкен-кіші  шаһарларға  толып  кетті. Проституция  күннен  күнге   өсуде.  Тоқтау  жоқ.   Мысалға   тек,  Шымкент   қаласында  бір  кеште  2000-2500   қыздар   жезөкшелікпен айналысады.Алматы, Астана,  Тараз,    Қарағанды,  Қызылдорда,   Атырау,   Орал  және  тағы  басқа  қалаларда  проституция мен   арды  сату    өршіп   тұр. Сұмдық.

Арсыздықтың шектен шығуы көгілдірлілердің басынғаны сондай халқымыздың ұлы тұлғасы Құрманғазы атамызды қорлады. Жұдырықтың үстіне жұдырық осы 25 жылдың ішінде қазақтың қаракөз қыздары шет жұртқа жаппай тұрмысқа шығуда. Олардың саны күн санап көбеюде.  Қазақ қыздарының басқа ұлттарға, шет елдіктерге тұрмысқа шығуы 10 пайыздан  асты. Бұл дегенің не сұмдық? Қазақ ұлты қайда барады? Дәл қазір елімізде 18 жастан 35 жас аралығындағы 700 мыңдай қыздарымыз тұрмыс құрмаған. 300 мыңға таяу қандас бауырларымыз  сүр бойдақ болып сүрпійіп жүр. Бұның үстіне ажырасуды қоссақ. Қазір әрбір 10 некенің 4-еуі ажырасып отыр. Тағы  бір сұмдық қазақтың жастарын белсіздік кесепаты жайлап барады. Мамандардың айтуынша, олардың саны 30 пайыздан  асып жығылады.

Осының бәрін ойлап, зердеден өткізсек, төбе шашымыз  тік тұрады. Жүрегіміз  ауырып, намысымыз  қайнайды. Біз қайда барамыз? Неге осындай күйге жеттік? Осы арсыздықтарға, ұлтымызға мүлдем жат құбылыстарға келеңсіз жәйттерге тосқауылды қашан қоямыз? Айтарым,  осылай жүре берсек ұлт ретінде құримыз. Жоғарыда айтып өттім жел болмаса шөптің басы қимылдамайды.

Орыстарда мынадай  қанатты сөз бар:-«ИМИДЖ все, остальное ничто!».   Ұлтымыздың  болмысына  өте жат, лас туризмдердің,  лас проституцияның,лас гейлердің, лас бордель сауналардың, лас  жын-ойнақтардың  арқасында біздің елімізге   өте  жаман лас  атау  таңылып отыр.  Бұны естігеннен, көргеннен өлген артық деп санаймын.   Біз бай елміз деп жар саламыз.  Бүкіл әлем мазақтап  секс туризмнің отаны  Қазақстан,  ал секс туризмнің астанасы – Алматы қаласы десе намысы бар қазақ  өлмегенде не істеу керек.   Әділін өздеріңіз  айтыңыз,  біз неге  осындай  күйге жеттік?...Дәл осы жағдайда байлық неге керек, барлық неге керек? Капитализация, приватизация, трансформация,  нарық экономикасы, баю, баю және де баю керек  деп жүріп күлкімізді жинап ала алмай қалып жүрмейік. Сөз жоқ, баю керек. Оған дау да  жоқ, таласта жоқ.  Астанада қар күрегіш машиналар бар.  Солар жауған қарды бұрқыратып күреп жүреді. Біздің экономикамызда сол қаркүрегіш машиналар сияқты бұрқырап, дамуы керек. Оған біз  бөркімізді аспанға   лақтырып тұрып қуануымыз керек. Қуанбағанда  ше,  осылай дами берсек, 30 елдің емес (әлемде жер көлемі бойынша 9-шы орында аламыз ғой, соған сәйкес),  9 мемлекеттің ішінен қара көрсетуіміз әбден мүмкін. Оған барлық жағдай бар. Мұнай, газ, уран, алтын,  қорғасын, мырыш,  тантал, алюминий және тағы да басқа жер ресурстарының  байлығынан әлемде  алтыншы орындамыз. Кемеңгер, стратег көшбасшымыз   Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлындай дүниежүзі мойындаған  Президентіміз бар.

Ашығын айтайық осы жағдай  қоғамды   қатты алаңдатып отыр.  Логикаға салсақ  секс-туризм   экономикасы нашар,  намысы тапталған, ар-ұяты аз  елде ғана орын алады емес пе? Бізде ұлтқа,  жастарға  жоғары адамгершілік рухта  тәлім-тәрбие беретін  ұлттық идеология жоқ.  Біз осындай сұмдық жағдайға қалай қол жеткіздік және оған нелер себепкер болды деген сұрақтарға жауап іздеп көру керек. Біріншіден, жоғарыда айтқанымдай бізде идеология, жастардың ұлттық  тәлім-тәрбиесі  кемшін   соғуда. Оны баю, баю еще раз баю  деген ұғымдар басып қалған.

Бұл дегеніңіз- алдымен экономика сосын идеология дегеннің салдары деп есептеймін. Менің пікірімше экономика мен идеология қыран құстың қанатындай тең болу керек.  Бірге жүруі, бірге мәңгі болуы  керек.

Тек сондай жағдайда ғана ұлт руханияты жоғары деңгейде болады деп есептеймін. Осындай адам жаны шошитын жат құбылысқа біз қалай жеттік?  Жауап:- «қоғамдағы  қалыптасқан  өлсем де ұрласам да  мал тапсам болды,  ар-ұяты сыпырып тастап, қайтсем де  көп  ақша  тауып,  байысам болды деген қағидадан шығып отыр» емеспе .

Оның кесірінен, руханиятымыздың өсуі кешеуілдеп,  ұлттық тәлім-тәрбиеміз, ар-ождан мәселелері ұмыт қалды. Жастарды жаман, кір, лас жолдарға салатын кешендер бой көтеріп, ар-ұятты жоғалтты. Соның нағыз дәлелдерінің бірі де бірегейі біздің еліміздің «ең саунасы» көп елге айналуы дер едім. Ал, ол кешендер  шынтауытын айтқанда, бизнемендердің, кәсіпкерлердің, кейбір  құқық қорғаушылардың  күреп лас ақша табатын, бордел-сексханаларына, жын-ойнақ сауналарына айналып кетті. Бұл не деген сұмдық?  Бұл не деген бизнес?

Осы  сауналардың  көбі рухани азғындық, жеңіл жүрістілердің мекеніне айналған. Міне осы құбылысты, безобразияны  шетелдіктер шебер  байқап отыр.

Бұны бір проблема деп қойыңыз. Екінші проблема елімізде ұлттық рухтағы үгіт-насихат, рухтық тәлім-тәрбие, жастарды, балаларды жаман жат құбылыстардан жиркендіретін жүйелік жұмыстар, үгіт, насихат, тәрбиелік  мәні бар  істер ақсап тұр. Бұл мәселелерде бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде телевиденияның алатын орны ерекше зор. Мен, азамат ретінде Қазақстанда телекомпаниялар  санының көп болуын қолдағандардың бірімін.  Әлі де, телеарналардың  санының көбеюін дұрыс деп санаймын.

Бірақ, өкінішке орай,   телеарналар ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысынан көрінбей отыр. Ұлттық рух, отаншылдық, арды жоғары ұстайтын бағдарламалар жоқтың қасы. Оның орнын бір бітпейтін  «гакку, гакку»,  қыжыртпа әңгімелер мен жеңіл әзілдер,  жеңіл-желпі ән салу үрдісі  басып алған. Біз думанды  елміз дейміз.  Думан сөзінің    бір түсініктемесі- «свистопляска». Қай  арнаны  баспасаң адамды  мезі  ғылып  жіберетін қайталанба әндер  мен бос  сөздер.

Осы жерде кейбір әзілкеш, әзіл-қалжың қазақ театрларына айтар ескертпелеріміз бен реніштеріміз  бар.

Айтыңыздаршы,  неге осы әзіл-ысқақ  қазақ театрының жігіттері әйелдердің рөлін ойнауға құштар? Қай театрды алмасаң да, әйел болып ойнап жүрген қазақтың жігіттері. Жиіркенесің олардан. Өз  басым,  биыл қыста,  Оңтүстік Қазақстанның Арыс ауданында болғанымда «Нысана» театрының әртіс жігіттеріне, сосын, бір мерекеде кездесіп қалғанымда,  «Шымкент шоу», «Кентау шоу» театрының басшысы Мырзабекке де  ренішімді айттым. Одан қорытынды бола ма, әлде жоқ па оны әзірге білмеймін. Нұртас Адамбаев деген көпкөрім азамат бар. Соның театрындағы жігіттер де ,әйелдердің ролін ойнауға құштар. Сол Сабина келінді қыз актриса ойнаса болмай ма еді? Қазір қазақтың кіп-кішкентай қара домалақ ұлдары Сабинка болып ойнайды. Кімді тәрбиелеп жатырмыз? Айналайын, қазақ театрының азаматтары жаман қатындардың ролін ойнауды доғарыңдар!? Бұл үрдіс  қазаққа жараспайды!

Бұл жерде айтайын дегенім, аналарымызды, әйелдерді,  қаракөз қыздарымызды әйел болып ойнамай, азамат, жігіт болып  болып алақанымызға салып құрметтейік, қастерлейік, қолдайық, қолпаштайық, өмірдің бар жақсылығын сыйлайық дер едім.

Аналарымызға қатысты тағы бір мәселе бар, бәріміз болып шешетін және  бүгінгі  тақырыпқа тікелей қатысы бар.  Ол-  қасиетті аналарымызға тіл тигізбеу. «Өй шешеңді........ бәлен етейін», «Анаңды............ бәлен етейін» деген  былапыт, тұрпайы жиіркенішті, намысқа келетін боқтықты айтпау. Бір мысал: 1998 жылдың қараша айы, Астана қаласы, «Шаробан» бильярд клубы. Осындай намысқа тиетін былапыт  сөзі үшін  білдей бір жоғары оқу орнының  проректоры соққыға оңбай жығылды, сәл өлмей қалды. Өзіміз куә болдық.

Келесі маңызды  мәселе-атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан  ұлттық салт-дәстүрімізді,ұлттық  тәрбиені күнделікті өмірде кеңінен қолдану болып табылады.  Салт-дәстүр бізге  ең керек ,ең мықты академия, институт болып табылады. Мысалы: ұл мен қызды бала  кезден  атастыру салты. Сонда шетелдіктерге кетпейді.Қазақ «Қыз-ырыс» дейді. Ырысымыздан айырылмайық!

Қазіргі таңдағы ұлтқа қажетті-өрелі салтымыз осы. Қолдануымыз керек. Әйтпесе, қыздарымыз  қырым-қытайға,  негрлерге, араптарға, түріктерге,   еуропалықтар мен америкалықтарға және де басқа ұлттардың өкілдеріне  тұрмысқа шығып, елден  біржолата кетуде

Сұрақ: «Сіз,  менің пікірімше экономика мен идеология қыран құстың қанатындай тең болу керек.  Бірге жүруі, бірге мәңгі болуы  керек»-дедіңіз. Өмірде  тек  солай  болу  үшін не  істеу   керек?

-Жеке  бастың  мүддесін,  Отанның  мүдесінен  жоғары  қоймау керек. Алдымен,   Отанды,  елді,   жерді,  халықты,   қоғамды  ойла   сосын  ғана   отбасының   жағдайын  жаса.  Бізде,    алдымен  жаппай  ұрлау,  сосын  зарлау  болып  тұр.  Қайда  барсаң   қорқыттың     көрі.   Ұрлық  жасауды,  жемқорлықты   білмесең     қызметке   жолатпайды.  Өйткені , бастықсымақтарымыз  шетінен   ұры болып  келеді.   Олар,  тек  коррупциялық  жолмен  қазынаны  тонауды,   алуды  ғана  біледі.  Міне,  сорымыз  қайда?

Асхат  Асылғазин

«Ұлы Дала   Қырандары» республикалық  қоғамдық      мәдени-әлеуметтік қозғалысының «Жас  Қырандар» жастар  қанатының жетекшісі.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір