• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:01:08
Алматы
+35°

08 Қазан, 2016 Саясат

«Нұр Отан» жұмыссыздықты жоймақ

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен білім және...

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед, денсаулық және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мен білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Меморандум аясында жоғары оқу орындарына түспеген, ҰБТ тапсырмаған мектеп түлектеріне қолдау жасалмақ.

Биыл Қазақстанда 122 мың бала мектеп бітірген. Олардың 70 мыңға жуығы ҰБТ-ны сәтті тапсырса, 37 мыңнан астамы тестілеуге қатыспаған. Қалған 14 мыңы сынақтан өтпей қалған. Осы ЖОО-ға түсе алмай қалған жастарды жұмыспен қамту туралы тапсырманы 9 қыркүйек күнгі Үкіметтің кеңейтілген жиынында Елбасының өзі қойған болатын.

«Біз орындауға кіріскен Президент тапсырмасы бірден бірнеше маңызды мәселені шешеді. Біріншіден, ең бастысы біз жастарға жұмыс табуға, өз бетінше өмір сүруіне мүмкіндік туғызамыз. Екіншіден, осы арқылы біз «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа жобаларға жұмыс күшін шешеміз. Үшіншіден, жастарды түрлі күмәнді ұйымдардан қорғаймыз. Бұл ауқымды да маңызды іс»,-дейді М. Құл-Мұхаммед. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір