• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:54:58
Алматы
+35°

08 Қазан, 2016 Оқиғалар

Пәкістанда адам өлтірген қылмыскерге жаза күшейтілді (ВИДЕО)

Пәкістан парламенті отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірген жанды өлтірген адамға қолданылатын жазаны күшейтті, - деп хабарлайды

Пәкістан парламенті отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірген жанды өлтірген адамға қолданылатын жазаны күшейтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz Хабар24-ке сілтеме жасап.

Жаңа заң бойынша енді осы себеппен кісі өлтірген қанды қол қылмыскер кемі 25 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұған дейін отбасының намысын аяққа таптады деп айыпталған адамды өлтірген кісі отбасы мүшелерімен кешірілсе, үкімет ол адамды ешқандай жазаға тартпайтын. Енді ол кешірім өлім жазасына кесілген адамның ғана жазасын жеңілдетуге көмектесе алады.

Айта кетейік, Пәкістанда жыл сайын отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірді деген айыппен мыңдаған әйел ажал құшады. Мәселен, осы жылдың шілде айында іс-әрекеті отбасының ар-ұжданына нұқсан келтірді деген желеумен Пәкістанда танымал модель және блогер қызды өз ағасы буындырып өлтірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір