• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:52:12
Алматы
+35°

08 Қазан, 2016 Денсаулық

Әскерде аяусыз соққыға жығылған ақтөбелік жігітті ата-анасы кісендеп ұстап отыр (ВИДЕО)

Құмсай ауылында тұратын Боқановтар отбасы 25-тегі ұлын дәрменсіздіктен байлап ұстауға мәжбүр,- деп хабарлайды

Құмсай ауылында тұратын Боқановтар отбасы 25-тегі ұлын дәрменсіздіктен байлап ұстауға мәжбүр,- деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Зіңгіттей жігіт талмасы ұстаған сәтте ешкімге әл бермей кетеді. Жақында тіпті әкесінің саусағын шайнап тастаған.

Нұнбай Боқанов, А.Боқановтың әкесі:

-Анда-санда «көтеріледі». Сол көтерілген кезде көшеге шығып біреуге зияны тиіп кете ме деген ой болды . Аяқ-қолы байлаулы тұрады. Сонда да сол саусағымды тістеп алды.

Азаматты ата-анасы бір сәтте көзден таса қылған емес. Өзі де ауладан әріге шықпай, күндіз жақындарына қолғабыс беріп жүреді. Тек түнде бұл шаңырақтың тыныштығы қашады. Азамат көтерілгенде не істеп, не қойғанын білмейді.

Азамат Боқанов:

-Күндіз дені сау  адам құсап жүремін.  Әке-шешемнің қасында жатамын құттай бала сияқты. Былай-былай шыға да алмайсың. Шаршадым.Түсінбеймін. Емделгім келеді...

Бұл дерт жігітке әскерде тап болған. Ауыр соққы алған күні алғаш есінен танады. Үшаралдағы бөлім басшылары төбелес болғанын жасырып, оны эпелепсиямен ауырған деп еліне шығарып салған көрінеді.

Азамат Боқанов:

-Бесеуі жабылды.  Төбелес қалай аяқталғанын өзім де білмей қалдым. Таңертең казарма ішінде жатырмын. Тұла бойым, аяқ-қолым тартылып.

Отан қорғаймын деп барып, ауру жамап қайтқан ұлының болашағына ата-анасы алаңдайды. Көтерілгенде аласұратын онымен арпалысып өздері де шаршаған. Осы күнге дейін көрсеткен мамандардың ешбірі нақты диагнозды қоя алмады. Тіпті жындыханаға жатқызған. Ондағылар сау деп шығарып салыпты.

Зылиха Смағұлова, А.Боқановтың анасы:

-Жылап-еңіреп әкесі екеуміз бармаған жеріміз жоқ. Ресейге  дейін бардық осыған бір шипа іздеп. Біз  баламызды армияға ауру боп қайтсын деп  жібермеген едік....

Бұл отбасы емші десе елеңдеп, ұлдарының дертін анықтайтын маман іздеп отыр. Аймақтағы денсаулық сақтау басқармасындағылар ем-домымен айналысамыз деп уәде етті. Десе де, осындай жағдайға тап қылған әскерилердің әрекеті кеш болса да жауапсыз қалмаса деп тілейді ата-анасы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір