• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:22:19
Алматы
+35°

Аллергия деген не? 
Аллергия – ағзаның иммундық жүйесінің кейбір сыртқы тітіркендіргіштерге аса сезімталдығы. Мысалы, жан-жануарлардың жүніне, өсімдіктердің тозаңына, түрлі азық-түлікке, химиялық заттарға, шаңға, дәріге, жәндіктердің уына, косметикаға және басқа да заттарға алларгия болуы мүмкін. Ағза кейбір заттарды ағзаға қауіп төндіреді деп қабылдап, оларға қарсы антидене жасайды. Келесі жолы сол аллерген әсер еткенде қайта антидене бөлінеді. Көзден жас ағу, құсу, қышыну, т.б. белгілер – ағзаның аллергенге қарсылығы. Кейде жағымсыз иістің мұрныңды жыбырлатып жіберетіні болады. Немесе ұстаған нәрсең қолыңа жақпағандай сезімде боласың. Мұндай аллергия өте әлсіз, оны тіпті байқай да бермейсің. Керісінше, аллергиялық реакция өте күшті болуы да мүмкін, кейде тіпті өмірге қауіп төндіреді. Аллергиясы бар адамдар анафилактикалық шокқа – ауыр патологиялық күйге түсуі мүмкін. 

Аллергия не себепті пайда болады?
Кейбіреулердің иммундық жүйесі аллергендерге аса қатты реакция беріп, түрлі химиялық заттар түзеді. Жиі кездесетіні – гистамин деп аталатын қонағысқа арналған антидене. Ол аллергиялық белгілер тудырады. 
Аллергияның клиникалық белгілері: 
— Мұрынның сілемейлі қабатының қабынуы; 
— Көздердің қызаруы, сулануы, қышуы;
— Есекжем, қышыма;
— Буындардың ауыруы, ісінуі;
— Іш өту, жүрек айну, құсу. 
— Жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуы, демікпе.
— Бастың ауыруы;
— Құлақтың тұнуы, есту қабілетінің төмендеуі.
Аллергиялық реакция бірнеше минуттар бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Ал ардагер-аллергиктерде тіпті айлар бойы жүреді. Және жыл өткен сайын ағзаның сезімталдығы арта түсіп, жаңа аллергендер қосылып отырады. Ауру асқынған кезде жоғарыдағы белгілердің барлығы бірдей қозатындықтан, науқастың жүйке жүйесіне де орасан салмақ түседі. 

  
 Асқыну:
— Анафилактикалық шок;
— Квинке ісігі 
— Тыныс алудың қиындауы;
— Тамыр соғысының жиілеуі; 
— Суық тер;
— Терінің жабысқақ болуы; 
— Бөртпе басуы;
— Асқзанның бүріп ауыруы; 
— Бас айналу; 
— Талықсу;
— Қалшылдау, тырысу;
— Құрғақ жөтел. 
Күрделі жағдайда медициналық көмек жедел көрсетілмесе, науқас санаулы минуттарда о дүниеден бірақ шығуы мүмкін. 


 

Аллергия неге етек алып барады? 
Ал зерттеушілер мынадай болжамдар ұсынады:
1. Гигиенаның «асқынуы», яғни, артық тазалық. Адамның күрделі иммундық жүйесі үнемі белгілі бір қауіп-қатерге қарсы жұмыс істеп тұруы керек. Ал қазір аз салмақ түсетін болғандықтан, иммундық жүйе қауіпсіз антигендерге де қарсы реакция көрсетеді-мыс. Эпидемиологиялық мәліметтер гигиена әсеріне байланысты теорияны мақұлдайды. Артта қалған елдерде аллергия дегенді ешкім білмейді екен, ал Британия, АҚШ сынды дамыған елдер керісінше, көш бастап тұр. Соған қарай «елдегі тазалық артқан сайын, аллергиямен аурушылар көбейе түседі» деген тұжырым жасалған. 
2. Химиялық өндіріс өнімдерін қолдану. Көптеген химиялық өнімдер аллерген ретінде белгілі, сондай-ақ басқа заттарға аллергия тудыруға алғышарт болады. Мысалы, бір жасқа дейін антибиотик қабылдаған балалар қабылдамаған балаларға қарағанда аллергияға жиі ұшырайды екен. Алайда, бұл дерттің жалпы денсаулық жағдайымен байланысы жоқ. (Денсаулығыңызға сеніп қалмаңыз деуім сол).


Аллергиктерге кеңес
1. Ең алдымен ағзаңыз нені қабылдамайтынын өзіңіз білуіңіз керек. Оны анықтайтын тәсілдер бар. (Арнайы емханаларда қан сараптамасы және теріге тітіркендіргіштер енгізу арқылы анықтап береді). Сосын үй-ішіңіз, достарыңыз, араласатын адамдарыңыздың барлығы неге аллергияңыз бар екенін білулері керек. (Сақтық үшін, кейде бұл өмір мен өлім мәселесін шешуі мүмкін). Ал ауырып қалған жағдайда дәрігерге міндетті түрде ескертесіз. 
2. Аллергендермен контактіні мейлінше азайту, болдырмауға тырысу. (Ит-мысықтан айналып өтесіз, жақпайтын азық-түлікті тұтынбайсыз, терезеге бірнеше қабаттаған дәке мата тұтатасыз, шаң-тозаңнан аулақ жүресіз, күніне екі рет үйді ылғал шүберекпен сүртесіз, т.б.)
3. Дәрі-дәрмегіңіз үнемі жаныңызда болсын. Негізі аллергия ұзақ курстармен емделеді. Дегенмен, аяқ астынан ауырып қалғана жағдайыңызды жеңілдететін антигистаминдік препараттар үйде тұрғаны дұрыс. 
4. Емделіңіз. Тағы да айтайын, қазір медицина аллергияны жеңді. Тек үзбей 3 жыл шамасында емделу керек. Мысалы, маусымдық поллинозда күзден бастап, қыста және ерте көктемде бір-бір курс ем аласыз. Ал жаз кезінде онсыз да дәрілердің арқасында күн көресіз. Шарықтау шегіне жеткен кезде (Әркімде әр түрлі, менде тамыздың ортасына қарай) 1-2 апта қан тамырға салынатын тамызғы түрінде препараттар қабылдау керек. Жыл бойы дәрігердің бақылауында болып, емделсеңіз, құлан-таза айығып кетуге болады. 


Айтпақшы... 
• Алкаголь аллергияны асқынтады;
• Балалардың диатезі де аллергияның бір түрі;
• Маусымдық поллиноздан зардап шегетін болсаңыз, климат өзгертіп көріңіз. (Мейлінше ылғалды аймаққа көшу керек);
• Сүт — белсенді аллерген (осы мәліметті алғаш естігенде таңданғанмын);
• Балаға цитрус жемістерін шектеп беріңіз (аллергиясы барлар мүлдем татып алмасын);
• Жүктілік кезінде антигистаминдік препарат ішуге болмайды(дәрігер басқа дәрілер ұсынады);
• Ата-анасында аллергия болса, балаға міндетті түрде беріледі;
• Суыққа да аллергия болады;
• Кальций ағзадағы гистаминдердің азаюына әсер етеді;

 Аллергияны қалай емдейді?

 Біріншіден, адамға аллергия беретін заттар мен факторларды жою керек. Екіншіден, аллергия тудыратын заттарды анықтап, оны аллергендермен емдейміз. Бұны арнайы «аллергеннің иммунотерапеясы» деп атайды. Бұл емді адам аллергиямен ауырмай тұрғанда, қалыпты жағдайда қабылдайды. Негізі ауру асқынған кезде аллергияны емдейтін көп дәрілер бар. Ең жиі қолданатын дәрілер – «антигистаминдік топ» деп аталады. Есекжем, атопиялық дерматит, тағы да басқа жағдайларда, теріде қышу пайда болғанда біз көбінесе антигистаминдік бірінші топты дәрілерді пайдаланамыз. Яғни, тавегил, супрастин, фенистил, диазолин, псило бальзам деген сияқты түрлерлі бар.

Тыныс жолдарында аллергия пайда болғанда, мысалы, түшкіру, көзден, мұрыннан су ағып, көз қышығында екінші, үшінші топтық антигистаминдік дәрілер пайдаланылады. Оған цетиризин, лоратадин, дезлоратадин, фексофенадин деген дәрілер жатады.

Поллиноздың клиникалық көріністері адамға көз, мұрын, бронх арқылы білінеді. Бірақ ол маусымдық жағдайда ғана болады. Дене қызуы көтерілмейді. Аяқ астынан өздігінен басылып қалады. Ал вирусқа ұқсайтын жағдайда дене қызуы көтеріледі ғой. Сондықтан жазда осындай жағдай кездесіп жатса, оны аллегрияға жатқызбаймыз. Бірақ басқа клиникалық көріністері, 20-30 пайызы тері арқылы білінеді. Алайда бұл сирек кездесетін формалары. Бірде бізге бір мұғалім келді. Көзі 5 см алдыға шығып кеткен. Біз дәрі бергеннен кейін, 2 сағаттан кейін, қалпына келе бастады. Сонда 1 қыркүйекте құшағына гүлді толтырған ғой. Содан «оңбай» аллергия болған.

Заттық аллергияларға – шаң-тозаң, дәрі, тағамдық, тағы да басқа көп аллергиялар жатады. Ең күшті аллергия балаларға сиырдың сүтінен, жұмыртқа мен жаңғақтан болады. Сосын факторлы аллергия бар. Яғни зат емес, суықтан, күннен, иістен, стресс сияқты көзге көрінбейтін заттардан болатын аллергия.

  

 

Психология не дейді?
Кез-келген аурудың түп-тамырын бейсаналық болмысымыздан іздеу керек дейтін ғалымдар бар. Луиза Хей, В.Жикаренцев, Лиз Бурбо сынды психологтар аллергия – «адамның бейсаналық тұрғыда өміріндегі бір жағдайға қарсыласуы, көңілі толмауы» дейді. Сол жағдайды анықтап, қабылдаса, аллергиядан жазылып кетеді екен. 

Міне, аллергия жайлы қысқаша осы. Бұл дертке шалдыққандар қатарынан болсаңыз, жеңіл қарамай, емделуді бастаңыз. Деніңіз сау болсын!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір