• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:26:22
Алматы
+35°

09 Қазан, 2016 Спорт

Черногориядан оңбай жеңілген Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері бар кінәні өз мойнына алды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2018 жылғы Әлем чемпионаты турнирінің іріктеу кезеңіндегі  Черногория құрамасына қарсы...

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2018 жылғы Әлем чемпионаты турнирінің іріктеу кезеңіндегі  Черногория құрамасына қарсы кездесуден кейін ойын туралы өз пікірімен бөлісіп, журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Qamshy.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші таймнан кейін алаңның ортасына қарай және шабуыл шебіне жылдам пастың жетіспегенін байқадық. Мұны спортшыларға айттық. Қақпаға бір голды өткізіп алдық, алайда бұл жағдайды түзетуге болады деп есептедік.  Кездесудің екінші кезеңінде не болғанын айта алмаймын. Ойынды қарап, әр сәтті жіті қарап, тиісті шараларды қабылдауымыз керек. Бізге сергектік, жинақылық жетіспегені көрініп тұрды.

- Ойынның сәтсіз өту себептерінің бірі алаң болуы мүмкін бе?

- Черногория құрамасы өз алаңында ойнады, бұл қарсылас команда үшін, әрине, үлкен қолдау.  Үйдегі алаң біз үшін де басымдық береді.  Дегенмен, бар кінәні алаңның сапасына артып қою дұрыс емес. Енді келесі ойындарға дайындалатын боламыз.  

- Нағыз жанкүйерлер ойыншыларды сабырға шақырып, келесі ойынға дұрыс бағыт беретініңізге үміттенуде. Мойымай, сыннан өтетіндеріңізге сенгіміз келеді...

- Тілегіңізге рахмет, алайда менің қанша уақыт жұмыс істейтінімді жұмыс берушім біледі. Әр ойын алдында ойыншыларға бағыт көрсетіп, кеңес береміз, олар алаңға шығып, жеңіс үшін күреседі. Өкінішке қарай, бүгінгі ойында оң нәтижеге қол жеткізе алмадық. Бұл үшін кінәні өз мойныма аламын. Екі күннен кейін өз алаңымызда Румынияға қарсы ойнаймыз. Бұл ойынға деген дайындықты бастап кеттік. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір