• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:22:09
Алматы
+35°

09 Қазан, 2016 Әлеумет

Ақтөбеде орыс тілінде «акцентпен» сөйлейтін мұғалім жұмыстан кетуге мәжбүр болған

Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылындағы №53 орта мектептің мұғалімі орыс тілінде дұрыс сөйлемегені үшін қызметінен кеткен. Бес жылдық тәжірибесі бар маманның...

Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылындағы №53 орта мектептің мұғалімі орыс тілінде дұрыс сөйлемегені үшін қызметінен кеткен. Бес жылдық тәжірибесі бар маманның біліміне ата-аналар күдік келтіріпті. Оларға мектепалды дайындық класына жетекшілікке барған мұғалімнің орысшасы ұнамаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Керек-инфоға сілтеме жасап.

Ақтөбе гуманитарлық колледжін бітірген, бастауыш класс мұғалімі №53 жалпы білім беретін орта мектепке 12 қыркүйек күні келген. Үш айлық сынақ мерзімімен жұмысына кіріскен маман мектепалды класқа жетекшілік еткен. Он күндей жұмыс жасаған мұғалімнің үстінен оқушылардың ата-аналары “білімсіз, орыс тілінде сабақ түсіндіре алмайды, орыс тілінде акцентпен сөйлейді, қазақша ойлап, орысшаға аударып жеткізеді” деп шағым түсірген. Он екі ата- ана қол қойған шағым-арызды мектеп директоры Жәния Романова 29 қыркүйекте алыпты.


- Біз – аралас мектеппіз. Орыс кластарына сабақ беретін маман өте тапшы. Екі мектепалды дайындық класына мұғалім жоқ. Мұғалім бұрын бес жыл орыс мектептерінде, балабақшаларда жұмыс жасаған. Еңбек кітапшасында бәрі жазулы тұр. Менің алдыма келгенде де орыс тілінде еркін сөйлеп тұрды. Тәжірибесі бар мұғалім болған соң қызметке алдық. Үш айлық сынақ мерзімімен өз жұмысына кіріскен болатын. Бұл топты 14 қыркүйекке дейін жоғары дәрежелі мұғалім Валентина Петрова оқытқан еді. Жас маман келген соң, дайындық класын осы мұғалімге тапсырдық. Мектепалды дайындық класындағы бір оқушының ата-анасы мектеп әкімшілігіне ескертпестен мұғалімнің сабағына кірген. Сонда мұғалімнің сабақ беру әдісі ұнамаған болу керек, кейін 12 ата-ана қол қойған арыз-шағым алдым. Менің ойымша, ата-аналар бұған дейін сабақ берген мұғалімді қайтарып алғылары келген сияқты. Өйткені, ол көп жылғы тәжірибесі бар, жоғары категориялы маман. Бірақ, бізге келген жас маманды біз оқытып, үйретуге міндеттіміз. Жаңа оқу жылы басталмай жатып, ата-аналар тарапынан осындай жауап алған мұғалім өз еркімен жұмыстан кетті,- дейді №53 мектеп директоры Жәния Романова.
Жаңадан келген жас маманның біліктілігіне күмән келтірген ата-аналардың бірі Айжан былай дейді:
- Жас мұғалімнің жеке басында жұмысым жоқ. Бірақ, ол орыс тілінде мүлдем білім бере алмайды. Қазақша ойлап, оны орыс тіліне аударып жеткізеді. Балаларға теріс білім беретін мұғалім керек емес. Баламыз үйге келген соң сөздерді қате айтады. Орысша акцентпен сөйлейді.
№53 орта мектептің мектепалды дайындық класында 22 оқушы оқиды. Осы кластың тағы бір ата-анасы Сәуле Құлсаринаның айтуынша, осы оқиғадан кейін класс екі топқа бөлінген.
- Неге қарсы болып жатқанын түсінбеймін? Өте білімді, сыпайы, сабырлы қыз еді. Балаларымызды шығарып салып, күтіп алатын. Қашан да балалармен бірге жүретін. Айтқан әңгімелері де, сөз саптаулары өте орынды мұғалім еді. Мысалы, менің балам балабақшаға қанша жыл барса да, үйренісе алмады. Ал мектепке тез сіңісіп кетті. Оның өзі мұғалімнің баламен өте жақсы жұмыс жасайтынын білдіруі керек. Қазір ата-аналар екі топқа бөлінді, біреулері жақтайды, біреулері даттайды. Мен мұндайды түсіне алмаймын, мұғалім ата-анаға емес, бастысы оқушыға ұнау керек. Ал жас мұғалім оқушыларға ұнайтын,- дейді ол.
№53 орта мектептің бес бірінші класының 4-уі орыс тілінде оқиды. Мектепалды дайындық топтар саны төртеу. Оның екеуі орыс тілінде білім береді. Мектеп директоры Жәния Романова мұндай жағдайдың болғанын маман тапшылығымен түсіндірді. Мектеп басшысының сөзінше, орыс тілінде сабақ беретін мұғалім жоқ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір