• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:50:44
Алматы
+35°

 

  1. 16 жаста сүйегің қатайып, дене мүшелерің толық қалыптаса бастайды. Сондықтан да шамадан тыс зілдей ауыр салмақ көтерме. Спортпен немесе өте көп күш жұмсауды қажет ететін іспен есіңнен тамғанша айналысушы болма. Бұл сенің келешек өміріңе қатер. Әрқайсымен керегінше ғана айналыс.
  2. Аузыңа арақ (немесе шарап) тамшысын апарушы болма. Темекі ұстап та, тартып та үйренбе. Ішімдіктің қаныңа әбден араласқан әрбір зәрлі мысқылы сенің жақсы өсіп келе жатқан дене мүшелеріңді күрт тоқтатып, бауыр, нерв жүйелерін тез тоздырып, сарытап бола бастайсың. Сөйтіп, түрің, дене мүшелерің мен денсаулығың жағынан өз қатарыңнан мүлде қалып, кейіннен дертті бола бастайсың.
  3. Ешқашан бір тамақты тоя жеуші болма. Бірақ, шамаң келгенше дұрыс тамақтан. Қазақ дастарқанындағы дәстүрлі тағамдарға қоса, мүмкіндігінше, жемістер мен көкеністерді молырақ қабылда. Ағарғанды (сүт, айран, ірімшік, құрт, қымыз, т.б.) дастарқаннан қалдырмауға тырыс. Беталды шәй ішіп, нан жей беру өте зиян.
  4. Өзіңнің әрбір күнгі уақытыңды алдын-ала нақты жоспарлап, атқаратын ісіңе қарай сағат-сағатқа бөліп үйрен. Бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырушы болма. Мезгілімен демала біл. Білім алудан тысқары мезгілде үй ішің үшін аянбай еңбек етіп үйрен. Кітаптан алатын білім мен қара жұмыс істеуден алатын ләззатың сені алдағы 4-5 жылда мықты азамат етіп қалыптастырады. Сонда сен өз құрдастарыңнан оқ бойы озып кеткеніңді байқайсың.
  5. Өз қатарыңмен (дос-құрбыларыңмен), ересек адамдармен (мұғалімдеріңмен, ата-анаңмен, ауыл аймақтағы егде кісілермен, т.б.) осы бастан араласып, ашық сөйлесіп үйрене бер. Олармен араласып, еркін пікір алмасу кезінде өмірден жинаған азды көпті өз тәжірибелерің мен кітаптан алған білімдеріңді ептеп қолдана баста. Көрген білгеніңнен үнемі қорытынды шығара біл.

Міне, досым! Осы айтылған өмірлік дағдыларды бірте бірте өз бойыңа сіңіріп, іздене түссең, сен көп ұзамай 4-5 жылда жұрт көзіне білімді, іскер, ізденімпаз, қысқасы өте көрнекті жігіт болып шығасың. Әрмен қарай сенің өмір жолың...өзінен өзі сайрап жатады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір