• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:19:01
Алматы
+35°

10 Қазан, 2016 NEWS

НАЗАРБАЕВ «ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗДАНУ МЕН ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫН ТАҒАЙЫНДАДЫ

«Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» Қазақстанның халықаралық сыйлығы тағайындалды, - деп хабарлайды

«Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» Қазақстанның халықаралық сыйлығы тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпарат – қа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар шетел елшісінен сенім грамоталарын қабылдаған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді

«Қазақстан жаһандық ядролық қозғалысқа бастамашы болып, оның көшбасшысына айналғанын дүниежүзі мойындады, оны білесіздер. Осы ретте бүгін сіздерге және халқымызға тағы бір жаңа бастамамызды айта кеткім келеді. Мен арнаулы сыйлық тағайындау жөніндегі шешім қабылдадым. Бұл «Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздікке қосқан үлесі үшін» Қазақстанның халықаралық сыйлығы болып саналады. Биылғы тұңғыш сыйлықтың алғашқы лауреаты болып Иордания  Королі Абдолла ІІ таңдалды», - деді Назарбаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы  аталған сыйлықты беру жөніндегі арнайы комитет құрылатындығын да атап өтті.

«Сол комитеттің шешімімен сыйлықты жыл сайынғы ядролық полигон жабылған 29 тамызда тапсыратын боламыз», - деді Елбасы.

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір