• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:58:04
Алматы
+35°

10 Қазан, 2016 Әдебиет

Алматыда Хамит Ерғалиевтің 100 жылдығы атап өтілмек

11 қыркүйек күні қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит  Ерғалиевтың туғанына 100 жыл толуына...

11 қыркүйек күні қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Хамит  Ерғалиевтың туғанына 100 жыл толуына орай Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен салтанатты кеш өтеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Салтанатты кешке Алматы қаласының басшылығы, зиялы қауым өкілдері мен ақынның туыстары қатысады деп күтілуде.

Хамит Ерғали (14.10.1916-13.12.1997) Гурьев облысының  Новобогат  ауылында  (қазіргі Атырау облысы,  Исатай ауданы,  Хамит  Ерғали атындағы ауыл) дүниеге келген. 1939 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне қабылданды. 1940-45 жылдары Совет  Армиясының қатарында, Ұлы Отан соғысының майдандарында болды. 1945-50 жылдары Республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен  Қазақстан») газетінде тілші, 1959 жылға дейін Қазақстан жазушылар Одағының поэзия секциясының,  Қазақтың Мемлекеттік көркем əдебиет баспасы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1959 жылдан өмірінің ақырына дейін бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысқан. «Əке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Оралдағы отты түн», «Аңыз ата»,«Қыз-хисса», «Жылдар, жылдар»,  «Суыт жүріс», т.б. дастандары бар.  Аудармашы ретінде Пушкин мен Лермонтовтың, Шекспир мен Байронның, Софокл, Науаи, Ш.Петефи, Маяковский, Р.Гамзатов туындыларын қазақ оқырмандарына  жеткізді.  Қырғыздың «Манас», қарақалпақтың «Қырық қыз» атты халықтық жырларын қазақшалады. В.Шекспирдің соннеттерін аударғаны үшін ол 1996 жылы Британия королевасының алғыс хатына ие болған.

Мерейтойлық кеште ақын шығармалары оқылып, танымал өнер жұлдыздары ән мен күйден шашу шашады.

Кеш М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 11 қазан күні сағат 17.00-де басталады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір