• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:45:21
Алматы
+35°

10 Қазан, 2016 Фото-баян

Ер адамдарға не сыйлауға болады? (ФОТО)

Нәзік жандыларға сыйлықтың түр-түрін алуға болады. Ең оңайы гүл десек, одан ары әтір, тәтті шоколад,  мойын орағыш, жұмсақ ойыншық, түрлі косметика мен...

Нәзік жандыларға сыйлықтың түр-түрін алуға болады. Ең оңайы гүл десек, одан ары әтір, тәтті шоколад,  мойын орағыш, жұмсақ ойыншық, түрлі косметика мен әшекей бұйымдар.  Таңдау өте көп, бастысы сүйіктіңіздің талғамына сай келетін сыйлық болса болғаны. Ал, ер адамдарға сыйлық сыйлауға қыздар қауымы қатты қиналып жатады. Басты проблема оның талғамын табудан бұрын, қандай сыйлық  сыйлауда болып жатады. Сонымен бүгін біз ерлерге сыйлауға болатын сыйлықтардың бірнешеуінің тізімін жазып шықтық.  

Мультитул ешқашан ер адамға артық болмайтын сыйлық. Бір сыйлықта бірнеше зат: пышақ, бұрауыш, қысқыш, іскек, ашқыш және бұранда.

Сертификат ыңғайлы және бас қатырмайтын сыйлық. Егер сіздің еріңіз қандай сыйлық қалайтынын білмесеңіз, сертификат сыйлаңыз. Қалағанын өзінің таңдап алуына мүмкіндік болады.

      

Диск немесе  шар.  Сыйлық ретінде беріле бермейтін ерекше нәрселердің бірі. Ең бастысы ол сыйлықтың шынайы көңілмен, әзіл ретінде сыйланған сыйлық екенін білдірудің ұмытпаңыз.

Қолға арналған жаттықтыру құралы (Powerball) –  компыютердің алдында бар уақытын өткізетін болмаса өзінің мүсініне қатты көңіл бөлетін жандарды қуантады. Бұл ерекше зат физикалық жаттығу мен сергек көңіл күйді бір арнаға тоғыстыратын сыйлық.

  Функционалды әшекей ілгек күнделікті тұрмыста қажетті нәрсе. Ең бастысы сыйлықты алып отырған адам ондай әшкейлерді кілтке болмаса басқа да заттарға таға ма соны анықтап алу қажет. 

Ұйқыны жақсы көретін жандар үшін нысанаға ату сағатын сыйға тартсаңыз болады. Оятар ойнағанда, тоқтату үшін нысанаға пульт түріндегі тапанша арқылы оқты дөп тигізсе ғана оятар ойнағанын қояды.

 

Диско-жинақ көңілді кештер мен клубтарды жақсы көретін жанды қатты қуантары сөзсіз.  Жақсы көретін әндерін тыңдағанда, сізді есіне алып, ностальгия сезімін бастан кешуі сөзсіз.

 

 

Автокөлігі бар болса жігітке термокружка сыйласаңыз болады. Кружкадағы ыстық шәй мен кофе үнемі сізді есіне алғызып тұрады.

 

 

Сыраны жақсы көретіндер үшін кішкентай ғана сыра қайнатқыш сыйласаңыз болады. Шағын ғана орнату жұмысы мен сыраның құрамына керек қоспалар болса, үй жағдайында-ақ сүйген сусынын жасап ішуіне болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір