• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 23:18:27
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

11 Қазан, 2016 Шаруашылық

Қазақстан дихандары Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында рекордтық көлемде астық жинады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысындаауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат...

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысындаауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов егін жинау жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Астықтың жалпы жиынтығы бункерлік салмақта 23,1 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 млн-ға көп.Орташа өнім 15,2 ц/га құрады. Ақмола облысында 5,7 млн тонна, СҚО-да 5,6 млн тонна, Қостанай облысында 5,5 тонна астық жиналды.Қарағанды облысында 1 млн тоннадан астам астық жиналды. Өнімділік 14,0 ц/га құрады, бұл облыстың егін шаруашылығының бүкіл тарихындағы рекордты өнім болып есептеледі.

Сонымен қатар, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тары өнімділігі өткен жылмен салыстырғанда 4 және 3 есе артты.

Оңтүстік өңірдің облыстары мақта, қант қызылшасы және күріш өнімдерін жинау жұмыстарын жүргізіп жатыр, тиісінше жоғарғы өнім жиналады деп күтілуде. Биыл күріштің жалпы жиынтығы 432 мың тоннаға жетті. Қызылорда облысында өнімділік 47 ц/га құрады, сәйкесінше, бұл рекордты көрсеткіш.  

Вице-министр майлы дақыл бойынша орылуы керек алаңның 46,7%-ы орылғанын айтты. Жалпы жиынтық өткен жылғыдан 1,2 есе көп болады деп болжануда. Өнімділік 10 ц/га құрайды. Ескерер болсақ, соңғы 5 жылда 8,1 ц/га аспаған.

Отырыста егін жинау науқанының оңтайлы уақытында аяқталуы ұйымдастырушылық деңгейінің жоғары болуының, дер кезінде материалдық-техникалық жабдықтау мәселесі шешілуінің және жоғарғы өнімді егін жинау техникасын қолдануының арқасында болғаны айтылды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір