• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:16:51
Алматы
+35°

11 Қазан, 2016 NEWS

ОҚО-да мұғалім басын партаға ұрған мектеп оқушысы жансақтау бөлімінде жатыр

Манкент қаласында (Оңтүстік Қазақстан облысы) қазақ тілі сабағы кезінде оңбай таяқ жеген бесінші сынып оқушысы Абидин Ырыстаев бас-ми сүйегі жарақатын алып...

Манкент қаласында (Оңтүстік Қазақстан облысы) қазақ тілі сабағы кезінде оңбай таяқ жеген бесінші сынып оқушысы Абидин Ырыстаев бас-ми сүйегі жарақатын алып ауруханаға түсті. Төтенше жағдай № 64 мектепте сәуір айында болған. Әйтседе ол туралы енді ғана белгілі болып отыр. Бұл туралы Qamshy.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Баланың әкесінің айтуынша мұғалім баланың басын партаға ұрған. “21 сәуір күні кешкісін жұмыстан келген кезде ұлымның бірнеше рет есінен танып қалғанын білдім. Біз сосын орталық аудандық ауруханаға қаралдық. Оны бас-ми сүйегінен жарақат алған деп жансақтау бөліміне жатқызып, онда үш күн болды. Алайда оны осыдан соң гайморит деген диагнозбен жұқпалы аурулар бөліміне жатқызды”, – дейді Шерәлі Зундинов.

Әкесінің сөзінше, жарты жыл өткен соң оның ұлының көру қабілеті де нашарлай бастаған. Ал мұны жөнге келтіру үшін оған қымбат операция жасалу керек екен. Ашуға мінген әке бірден полиция мен аудандық білім бөліміне арыз азған. Алайда не мектеп әкімшілігі, не қамқоршылық органдары ешқандай шара қабылдамапты.

“Сол күні  диктант жазу керек болды. Мен үлгермей қалдым. Ал мұғалім мені екі рет басымды партаға ұрды. Қатты ауырды. Сосын қасыма сыныптасымды ертіп үйге жіберді. Жолда мен бірнеше рет есімнен танып қалдым”, – дейді оқушының өзі.

Телеарнаның мәліметінше, қазір баланың құқығы үшін прокурор Еркен Ағабеков күресіп жатыр. “Нұр Отанның” қоғамдық қабылдауызардап шегушінің әкесіне тағы бір өтініш жазып беруін және шара қабылдайтындығына уәде берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір