• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 18:30:28
Алматы
+35°

11 Қазан, 2016 Сұхбат

Ринат Зайытов: Сексенінші жылдары болмаған цензура бүгінгі айтыста бар

Ақындар айтысының қазіргі жай-жапсары туралы айтқан Ринат Зайытов  әріптестерін «сценарийден шыға алмай қалды» деп айыптайды. Айтыстың...

Ақындар айтысының қазіргі жай-жапсары туралы айтқан Ринат Зайытов  әріптестерін «сценарийден шыға алмай қалды» деп айыптайды. Айтыстың сапасы әлсіреп бара жатқанын мойындаған ақындар оның басқа себебі барын айтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Азаттыққа cілтеме жасап. 

Айтыскер ақын Ринат Зайытов «1980 жылдары болмаған цензура бүгінгі айтыста бар» деп алаңдайды.

– Бүгінгі айтыста ұйымдастырушылардың немесе біреудің көңіліне жақпайтын сөз айтсаң, ертесінде жиналысқа салады не «келесі айтысқа қатыстырмаймыз» деп қорқытады, – деді ол өткен аптада алматылық студенттерге «Бүгінгі айтыс» тақырыбында оқыған қоғамдық лекциясында.

Айтыс өнерін «қай заманнан бері тәуелсіз, өз қоғамының кемшіліктерін, жетістіктерін, індеттерін айтатын орта болған» деп сипаттаған Ринат Зайытов қазіргі айтыскерлерді «алдын ала белгіленген сценарий бойынша жырлап шығады» деп айыптады.

– Айтыстың бүгінгі ең басты қасіреті – ақынның жеке ұстамы болмауы, айтыстағы ойларды біреудің қадағалап отыруы, айтыстағы айтылған пікірлерге қарсы сахнаның сыртына шығып өзге біреулердің пікірлерін айтуы. «Ел алып жатқан көлікті мен неге алмаймын» деген оймен ақиқат үшін емес, дүние үшін айтысатын ақындар көбейіп кетті, – дейді Ринат Зайытов.

Ол «айтыскерлер ұйымдастырушылардың ықпалынан шыға алмай, осы бетімен кете берсе, бес жылдан кейін үш мың орындықты сарайда үш жүз адам отыратын деңгейге жетеміз» деп қауіптенеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір