• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:21:35
Алматы
+35°

11 Қазан, 2016 Айтты-ей, бауырың!

ЭКСПО үшін есігімізді айқара ашып тастауға қарсымын

2017 жылдан бастап, 48 мемлекетке есігімізді айқара ашады екенбіз! Яғни, бізге ол елдердің кез келген азаматы визасыз келе бермек!

2017 жылдан бастап, 48 мемлекетке есігімізді айқара ашады екенбіз! Яғни, бізге ол елдердің кез келген азаматы визасыз келе бермек!
ЭКСПО-ға бола осындай аса қауіпті қадамға баруға бола ма?!

"Олар дамыған елдер" дейді. Сол дамыған елдердің өзі терроризмнің плацдармы боп жатқан жоқ па? Және де солардағы терактілерді жүзеге асырып жатқандардың дені де - сол дамыған елдердің азаматтары емес пе?! Ертең ол сол елдің паспортымен бізге визасыз келіп жатса, не істейміз?!

Ал бізге инвестиция әкелмек бизнесмендер топтап келмейді, жекелеп келеді. Және де олардың бәрі "Қазақстан секілді елге бару - менің өмірлік арманым, ол жаққа қаржы құймасам, құримын!" деп жатқан жоқ шығар! 

Келсін, визасын алсын, ешнәрсесі кетпейді! Керісінше, "кез келген елге есігін ашқан елдің қауіпсіздігі қандай болмақ?" деп, өз бизнесінің болашағына қауіптеніп, бізден ат-тонын ала қашуы да мүмкін ғой.

Қысқасы, өз басым бұл шешімге қарсымын. Бізге өз есігін ашқан, яғни визасыз баруға рұқсат берген елдерге ғана сондай, визасыз режим орнатайық, сол дұрыс болады!

Әміржан Қосановтың Фейсбуктегі парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір