• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:45:05
Алматы
+35°

12 Қазан, 2016 Саясат

«Мәңгілік ел» идеясын талқылауға тиіс театр қайраткерлерінің жиыны жеке бастың тартысына арналып кетті (ВИДЕО)

Еліміздегі театр актерлерының кезектен тыс съезі 2 сағаттық дауға айналды. Өнер иелері аяқ асты жиынның өтуіне қарсылық білдіріп, басқосудың өтуіне басты себеп...

Еліміздегі театр актерлерының кезектен тыс съезі 2 сағаттық дауға айналды. Өнер иелері аяқ асты жиынның өтуіне қарсылық білдіріп, басқосудың өтуіне басты себеп болған не мәселе екенін де түсінбеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап. 

Театр қайраткерлері одағының кезектен тыс съезі осындай қызу талқымен басталды.  Театр және киноөнерінің белді актерлары мерзімінен бұрын жиынды өткізудің басты себебін түсінбеді.  Сондықтан залдан кетіп жатып, орыннан айқайлай сөйлеулер көбейді.

Алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген Тұңғышбай Жаманқұлов. Осы жиында қызметімнен қуыламын деп ойлады ма, әйтеуір «жаңа төраға» сайлауды жарғы талаптарына сәйкес өткізу керектігін айтып өтті.

ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ, ҚР халық әртісі:

- Закрытым или открытым голсованием, ради бога переизбирайте. Но с бухты барахты по щучему велению по-какому то хотению собрать и взбудоражить людей, наших коллег, эмоционально давить, водить в заблуждение неправильно.

Бірақ төрағаның тұжырымымен Асанәлі Әшімов  келіспеді. Және әлеуметтік желіде тараған Жаманқұловтың сұхбатына жақсы баға бермеді.

АСАНӘЛІ ӘШІМОВ, ҚР халық әртісі:

Это плохое выступление, аморальное. Что после этого наше подрастющее покаление подумают. Придут ли после такого заявление твоего?

Кейіннен  түсінікті болғандай 5 жылда бір өтуі керек болған съездің шұғыл түрде жиылуы «мәңгілік ел» идеологиясын актерлерге  жан-жақты түсіндіру екен. Сондай-ақ президент атап өткен 5 институционалдық реформаға театр майталмандарының қосар үлесін талқылау. Осы ретте театр қайраткерелері одағының жұмысын сынағандар көп болды.

ЕРЛАН БІЛӘЛ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:

- Мастер класс қоюға, шетелге жіберуге, организовать международные фестивали, жаңағы пенсионерлерге көмек. Оның бәріне ақша жоқ дейсіз. Ол қайда?

Осылайша съездің соңына қарай актерлердің неліктен аяқ асты жиылуы мәлім болды. Сондай-ақ белгілісі театр төрағасы өз қызметінен кетпейтін болды. Ал «мәңгілік ел» тақырыбын талқыға саламыз дегендер  2 сағат ішінде тек бір ғана баяндама оқумен шектелді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір