• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 16:17:04
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

12 Қазан, 2016 NEWS

Алматыда теракт ұйымдастырмақ болғандарды ұстау операциясының видеосы жарияланды

Тағы да террористер қанды қырғын сала жаздады! Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жолы Алматының күлін көкке ұшырмақ болған 3 лаңкестің қолына кісен салып, жойқын...

Тағы да террористер қанды қырғын сала жаздады! Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жолы Алматының күлін көкке ұшырмақ болған 3 лаңкестің қолына кісен салып, жойқын жарылыстың алдын алды. Жат дінге шырмалып санасы уланған радикалдар полиция, прокурор мен судьяларды нысанаға алған екен, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Алайда арнайы қызмет қаскөйлерді дер кезінде құрықтап, халықты тағы бір ажалдан аман алып қалды. Ұсталғандардан жарылғыш заттар мен теракт жасауға үндейтін экстремистік материалдар табылған. Анығы - лаңкестер Алматының бірнеше жерінде полиция, прокуратура мен сот ғимараттарына шабуыл жасауға тыңғылықты әзірленіпті. Бірақ, жоспарларын алдын-ала біліп қойған Ұлттық қауіпсіздік комитеті жарылысты болдырмай тастады. Ал, биылдыққа арнайы қызмет ел бойынша ойран салмақ болған 70-тен астам радикалды топтың жолын кескен. Сонда да қауіп сейілмей тұр. Өйткені облыс орталықтарындағы халық көп жиналатын қоғамдық орындар, базар мен сауда орындарына кез-келген сәтте террористер басып кіруі әбден мүмкін. Бұған ғимараттардың жөнді қорғалмауы себеп. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір