• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:41:29
Алматы
+35°

Қадірлі оқырман! 

Порталымызда жарияланған "Арандатушының артында кім тұр?" деген мақалаға қатысты ресми түсінік беруді жөн санаймыз! Бірден айту керек, өткен сенбі күні жарияланған ол мақала редакцияның көзқарасын білдірмейтін, маңызды елдік мәселеге қатысты қарамай-қайшылыққа толы жазба. Электронды поштаға келген көп материалдың бірін сенбі күні кезекшілікте болған жас қызметкер мәселенің мәнісіне бармастан жариялап жібергені анықталып отыр. Анықтала салысымен ол материал сайттан өшірілді. Сонымен қатар, әлгіндей сарындағы негізсіз айыптаулардан тұратын мақалалар өзге де ақпарат құралдарына жолданғаны белгілі болып отыр. Тіпті, әлеуметтік желіде әлдебір топтар осы бағытта мақсатты түрде жұмыс істеп отырғандай әсерде қалдық. 

Редакцияның ұстанымын білдірмейтін материалдың жариялануына кінәлі бірнеше қызметкер шығармашылық ұжымның ішкі ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды! Мақаладағы жайттарға қатысты айтарымыз – ол редакцияның ұстанымы емес. "Қамшы" порталы ел аумағында жер реформасына қатысты барлық наразылық шараларын ашық, толыққанды жариялап отыруға тырысты. Осыған дейін қазақ халқының батыр ұлдары Макс пен Талғатқа бостандық берілуін талап еткен бірнеше материал да жарияладық. Бұл бағытта ешқандай шектеу болған емес. Жер мен тіл, дін мәселесінде редакция ұстанымы алдағы уақытта да өзгермейді.  

Орын алған қолайсыз жайтқа байланысты оқырмандардан, жер мен ел тағдырына алаңдаулы барша ағайыннан кешірім сұраймыз. Атыраудағы жер митингісін ұйымдатырған жігіттердің соты әділдік қағидаларына сай өтіп, азаматтардың тезірек отбасына оралуына тілектеспіз! Сайттың редакторы ретінде жеке өз атымнан әлгі мақаласымақта айтылған жайлар үшін қос азаматтан, олардың туыстары мен достарынан, жер тағдырына бейжай қарамайтын барша азаматтардан кешірім өтінемін. 

"Қамшы" порталының бас редакторы: Дархан Мұқантегі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір