• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:22:37
Алматы
+35°

12 Қазан, 2016 Саясат

Роза Бақтығалиеваның жасы 40-та. 3 баланың бақытты анасы.

Ол қанша уақыт өтсе де 1999 жылдың күзін, сол бір қаралы түннің естен кетпегендігін айтты. Роза ол кезде А.Мұхамедиұлы басқарған Президент оркестрінде флейтада ойнайтын.

Роза: Министрдің сол уақытта отбасы, бала-шағасы болатын. Балалары кішкентай еді, қателеспесем. Біз бәріміз төрт подъезден тұратын бір ғимаратта пәтер жалдап тұратынбыз. Бір күні түнде А.Мұхамедиұлы бөлмеме кіріп, онымен бірге қызметтік бөлмеге баруға ұсыныс жасады. Түсінгенім, ол жақта базбіреулер мені тағатсыздана күтіп отыр екен. Сағатқа қарасам, түнгі төрт. Оған ешқайда бармайтынымды айттым. Ол қояр да қоймай «Жүр, киін, дайындал!» деді. Иығыма қолын қойды. Қолын қағып жіберіп, ызаландым. «Жарайды» деп есіктен шыққан министр менің шықпасымды түсінген соң қайта кіріп бұл әрекетіме әлі өкінетінімді жеткізді.Сол күннен бастап қудалауға түстім. Мені қалай жұмыстан шығарарын білмей жүрді. Ұзынқұлақтан естігенім – менің кәсіби біліктілігім нашар екен.

2000 жылдың 10 қазанында Мұхамедиұлы үрмелі оркестр музыканттарына ұйымдастырғалы жатқан конкурс жайлы айтады. Ереже бойынша, мұндай іс-шараның болатындығын бір жеті бұрын емес, екі ай бұрын ескертуі тиіс. 17 қазан күні наразылығымызға қарамастан конкурс басталып кетті. Маған бір нота да орындауға мүмкіндік берілмеді. Қысқасы, аузымды аштырмады. Алды да жұмыстан босатты. Ол аздай «жұмыстан өз қалауыңмен кет» деп кеңес берілді. Мен болсам үзілді-кесілді одан бас тарттым. Мақсаты – мені кетіріп, орныма өз адамын алып келу. Нәтижесінде заң бойынша мені жұмыстан шығару үшін неше түрлі амалдар қарастырыла бастады.

Розаның айтуы бойынша, мұндай адам Мәдениет және спорт министрлігін басқара алмайды. Басқармауы тиіс. Себебі алғаны – пара, сөйлеген сөзі – дақпырт мен мадақтау, атқарған ісі – қызметтік басын асыра пайдалану. Жалпы, Мұхамедиұлының мұндай лауазымға тағайындалуы шығармашылық ортада таң қалыс, назарылық туғызды. Тағы бір жазықсыз жан жапа шекпесінші деп шындықты айтуды жөн санадым. Ол қызметтен босатылуы, лайықты жазасын алуы тиіс.

Президент оркестріне келсек, біз «Тапсырыс бойынша айтқан жерлеріне барып, өнер көрсететінбіз». Өзімізді барып кел-шауып кел сезінетінбіз. Президент оркестрі деген әдемі атауы ғана. Мерекелік костюм кигенмен көңіл-күйіміз мерекелік емес еді. Бармаған жеріміз жоқ. «Колгейт – әлемдегі №1 тіс пастасы» деген жиынсымақ өтіп жатса, біздің бармауымыз мүмкін емес еді. Стоматологтар дәлізде бізді уралап қарсы алатын. Тек туған күндерде ғана бой көтермеппіз.  Тапсырыс беруші стоматологтар мысалы «өзгеше бір дүние» орындап беріңіздер десе, оркестр таң қалғаннан бір орында қатып қалатын. Музыканттар себебі марштан басқа ештеңе ойнай алмайды. Бізден классикалық туынды, вальс әуенін күтетін. Министр: «Әйтеуір бір нәрсе ойнаңдар!» деп бұйыратын. Мұндай жағдайлар жиі орын алушы еді.

Роза: Мен мұны кек қайтару үшін айтып жатқан жоқпын. Жапа шеккен қыздың жалғыз еместігін дәлелдегім келеді. Аты-жөнімді, өзіме қатысты барлық деректерді ашық жазып отырмын. 1999-2000 жылдары кілең еркектен тұратын оркестр коллективінде қызмет істеген жалғыз әйелді еске түсіру қиын болмайды. Бөлмеге кірмегенін, жұмыстан себепсіз шығарғанын растамай көрсін...

Өткен-кеткенді ұмытқаным қашан. Ыза-өкпеге орын жоқ. Сол кезде жұмыссыз, үй-күйсіз қалғаным жаныма қатты батқан еді. Мен тек А.Мұхамедиұлын жан-жақты тексеріп шыққанын қалаймын. Құқық қорғау органдары бұл іспен айналысса, неше түрлі былық әңгіме шығатынын, «қызықтың көкесі» енді басталатындығына сенімдімін. Роза әрбір айтқан сөзіне жауап беруге дайын екенін жеткізді. Соттан да қашпайды. Осы мәлімдемесінен бас тартпайды.

«Еңлікке бәрі тартпа​ бас салды. Оны қорқытып, үрейлендіріп, қысым жасауда. Жас қыз өзін қалай қорғарын білмеуі мүмкін. Мен шындық детекторынан (полиграф) да мәлімдемемді қайталауға дайынмын.  Қайталап айтайын, айтқаным шындық болғасын аузымнан шыққан әр сөзге баспен жауап бере аламын» дейді Роза.

Сонымен қатар Роза Бақтығалиева Еңлікке құқық қорғау органдары тарапынан қолдау мен қорғау көрсетілсе деп өтініш айтты. Себебі қоғам тарыпынан болсын, жақындарынан болсын Еңлікке қазір қысым жасалуда. Министрдің назарына іліккен Еңлік екеуі ғана емес екендігіне сенімді.

Еске салайық, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына кезінде өзі басшылық жасаған оқу орнының түлегі Еңлік Сыдықова есімді азаматша «қырындады» деп видеомәлімдеме жасау арқылы айып таққан болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір