• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 01:47:33
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

12 Қазан, 2016 NEWS

Молдовандық екі азамат Халық банкі арқылы 800 астаналықтың ақшасын ұрлаған

Сарыарқа аудандық соты Астана қаласы ІІД-нің Молдова азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы талап арызын қарады,- деп хабарлайды

Сарыарқа аудандық соты Астана қаласы ІІД-нің Молдова азаматтарын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару туралы талап арызын қарады,- деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Соттың анықтауынша, молдовалық екі азамат Кишинев қаласында жүріп, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке шоттарынан ақшалай қаражаттарды ұрлау жөнінде қылмыстық келісім жасаған.

Осылайша, 2015 жылы 2 маусымда Молдова азаматтары «Кишинев-Астана» әуе рейсімен Астанаға ұшып келген. Қаскөйлер «Керуен» СОСО-да орналасқан «Халық банкі» АҚ-ның банкоматына арнайы техникалық құрал орнатқан. Сол арқылы пайдаланушылардың электронды нұсқада сақталған ақпараттарына ие болған. Қылмыстық әрекеттен 800 адам зардап шекті.

Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылы 26 қарашада Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты құқық бұзушыларды айыпты деп танып, мүлкін тәркілей отырып, жалпы режім колониясында 3 жыл жазасын өтеу үкімін шығарды.

2016 жылы 25 тамызда сотталушылар жазасының қалған бөлігі айыппұл түріндегі жеңілірек жазаға ауыстырылды.

Сарыарқа аудандық сотының шешімімен, Молодова азаматтары Қазақстан Республикасы аумағынан қуылады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір