• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:04:52
Алматы
+35°

12 Қазан, 2016 NEWS

АЛМАТЫДА ТЕРАКТ ЖОСПАРЛАДЫ ДЕЛІНГЕН ҮШ КҮДІКТІНІҢ БІРЕУІ КӘМЛЕТТІК ЖАСҚА ТОЛМАҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматыда теракт жасамақ болды деген күдікпен қолға түсірген үш азаматтың бірі кәмлеттік жасқа толмағаны...

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматыда теракт жасамақ болды деген күдікпен қолға түсірген үш азаматтың бірі кәмлеттік жасқа толмағаны белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.  Сенімді дереккөздің хабарлауынша, күдіктілердің біріншісі 10 қазан күні сағат таңғы сегіз жарымда Алматыдағы Чайковский көшесіндегі бір жалдамалы пәтерде ұсталған. ҰҚК департаменті мен Алматы ІІД экстремизммен күрес басқармасы қызметкерлері ұстаған азамат 1982 жылы туған Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Пәтерден еріткіш сұйықтық құйылған шыны бөтелке, диаметрі 9-12 мм болатын подшипниктер толтырылған пластик құты, 9 қорап гидроперид, SIM-карталары жоқ, алайда, металл сыммен гайка, гелер мен болттар салынған пакетке жалғанған екі қалта телефоны, 6 пакет селитра, 2 бетперде, қара түсті діни символикасы бар ту мен ҰҚКД, ІДД орны белгіленген Алматы қаласының картасы тәркіленген.

Келесі күдікті де дәл сол к.ні сағат 14.30-да қолға түскен. Оны полиция Корчагин көшесіндегі үйде ұстаған. Күштік құрылымдар ол жерден де діни символика белгіленген қара түсті ту мен 16-калибрлі 4 патрон тапқан. Ұсталған күдікті 17 жаста екені айтылады.

Дәл осы уақытта Алғабас елді мекенінде 1996 жылы туған үшінші күдікті қолға түскен.

Ұсталғандардың үшеуі де қазір ҰҚКД тергеу изоляторына қамалған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ҰҚК Алматы аумағында құқыққорғау органдары қызметкерлеріне қарсы лаңкестік әрекет ұйымдастыруды жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталғанын хабарлаған болатын. 

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір