• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:09:56
Алматы
+35°

12 Қазан, 2016 Саясат

«Қазконтент» басшысы ауысты

«Қазконтент» АҚ басшысы болып Шыңғыс Шарапиев тағайындалды, - деп хабарлайды

«Қазконтент» АҚ басшысы болып Шыңғыс Шарапиев тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Бүгінде еліміздің ақпараттық нарығында үлкен өзгерістер болып жатыр. Интернет әкелген мүмкіндіктер отандық медиа саланың білгірлерін үнемі тыңнан жол іздеп, жаңа форматтар табуға бастауда. Аудиторияның назарын аудару үшін, сонымен бірге сапалы контент жасауға мүмкіндік беретін ресурстар үшін тартысты бәсеке жүруде.

Мойындау керек, мемлекеттік БАҚ-тардың осы жаңа талаптарға бейімделуі әртүрлі деңгейде. Бұл ретте оларға басқа әріптестеріне қарағанда айтарлықтай жағдай жасалып отырғаны белгілі. Бұл проблемаларды жақсы білеміз.
Сондықтан, біз күрделі өзгертулер жасауға дайынбыз. Осыған орай, мемлекеттік БАҚ-тардың әрбірінің алдында нақты мақсаты көрсеткіштер қойылып отыр. Олар соған қол жеткізуге міндетті.
Соның ішінде ақпараттық, мәдениет және білім беру бағаттарындағы бірнеше интернет-ресурсты қанатының астына алған «Қазконтент» АҚ-ның жұмысына айрықша көңіл бөлінуде.

Медиа құрылым қызметінің негізінде мемлекет баса назар аударып отырған ағартушылық миссиясы жатыр. Бұл жерде даму рейтингі контенттің санымен емес, сапасымен өлшенуі тиіс. 

Жақында біз отандық тарихқа арналған http://e-history.kz/kz сайты базасында жаңартылған National Digital History интернет-порталын таныстырдық. Менің ойымша, бірегей материалдарға толы, өте сапалы мультимедиялық ресурс дайындалды.
Қазіргі уақытта біз еліміздің жас ақын-жазушыларына қолдауды күшейту ниетімен adebiportal.kz порталын жаңғыртуға күш салып жатырмыз.
Басқа сайттарда да түбегейлі өзгерістер болмақшы. Бұл туралы алдағы уақытта жеке тоқталып өтеміз.

Ал әзірше кеше «Қазконтент» АҚ-ның жаңа басшысы болып Шыңғыс Шарапиевтің тағайындалғаны туралы ақпаратпен бөліскенді жөн көріп отырмын. Көпшілігіңіздің оны біліктілігі жоғары, қолынан іс келетін маман ретінде танитындарыңызға күмәнім жоқ. Шыңғысқа және компания ұжымына табыс тілеймін» деп жазды министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір