• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:49:04
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 NEWS

Алматыдағы «Жетісу» қонақ үйінің шатыры өртенді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Өрт қазір күрделі жөндеуден өтіп жатқан қонақ үйдің шатырында болған. Кешкі сағат жеті жарымдарда басьалған өрт бір сағаттан соң ауыздықталып, 21 сағат 38 минутта толық сөндірілген.

Өртенген аумақ 3500 шаршы метрді құрайды (қонақүйдің жалпы аумағы – 5600 ш.м.). Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ көрінеді.

Тілсіз жаумен күреске 130 өрт сөндіруші мен 28 техника жұмылдырылып, қонақ үйді жөндеп жатқан 70 жұмысшы мен көрші дәмханада отырған 50 адам сыртқа шығарылған.

Естеріңізге салсақ, мемлекеттік меншікте болып келген аталған қонақ үй жақында аукцион арқылы 1,7 миллиард теңгеге жеке меншікке сатылған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір