• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:54:00
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 NEWS

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД ҚАРАҒАНДЫДА "НҰРЛЫ ЖОЛ" БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАНЫН ТЕКСЕРДІ

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қарағанды облысында болды, - деп хабарлайды

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Қарағанды облысында болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру сапасын тексерді, индустриалдық және агроөнеркәсіптік салалардың даму қарқынына бағасын берді, партия активімен кездесті, сондай-ақ, политехникалық колледж бен Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне барды.

Қарағанды облысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары халықты жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол жастарға Мемлекет басшысының тапсырмасымен ЖОО және кәсіптік училищеге оқуға түсе алмай қалған мектеп түлектерін кәсіби даярлау мен жұмысқа орналастыру бойынша ауқымды республикалық жоба қолға алынғанын жеткізді. Партия еліміздің әр өңіріндегі жағдайды жіті зерттеп, көмекке мұқтаж 10 мыңға жуық жасты анықтады. «Нұр Отан» олардың барлығына қолдау көрсетеді. Атап айтқанда, жастарды жұмысшы мамандықтары бойынша оқытып, мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғызылып жатқан нысандарға жібереді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед орталық Қазақстанға сапарының соңында Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетіне барды. ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Онда Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Ресейдің ең үлкен университеттерінде білім алған Алаш қайраткерлерінің түпкі мақсаты автономия арқылы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру еді. Олар өздерінің бүкіл өмірін осы ізгі мақсатқа арнап, халқының болашағы үшін құрбан болды. Олардың есімдерін бүгінгі жастар ешқашан ұмытпауы керек. Сондықтан біз Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл толу мерейтойын лайықты түрде атап өтуге міндеттіміз», – деді.

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір