• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:50:47
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 NEWS

Арабтар әлемдегі ең үлкен алтыннан әшекей бұйымын жасап Гиннес кітабына енді

Сауд Аравиясының Джидда қаласында орналасқан «Ат-теийба» зергерлік фабрикасы салмағы 33 келі болатын алтын әшекей жинағын жасап шығарды,- деп...

Сауд Аравиясының Джидда қаласында орналасқан «Ат-теийба» зергерлік фабрикасы салмағы 33 келі болатын алтын әшекей жинағын жасап шығарды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАпаратқа сілтеме жасап.

 Жинақ алқа, сырқа, білезік пен жүзіктен тұрады. Бұл әлемдегі алтыннан жасалған ең ауыр әшекей бұйым болып отыр. Сынамасы 999 болатын алтыннан жасалған бұл бұйым Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Әшекейді жасау үшін жүз зергер бір жыл уақытын жұмсаған. Жинақ 1,5 млн долларға бағаланған.
 
Фабриканың атқарушы директоры Исам әл-Ашрафи: «Біз еліміздің ерлері мен әйелдерінің қолынан шыққан бірегей алтын әшекей арқылы Сауд Аравиясының атын Гиннес рекордтар кітабына жазуды қаладық»-дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір