• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:32:16
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 IT

Алматының муниципалды автобус паркінің жүргізушілері наразылық білдіріп жатыр (ВИДЕО)

Алматыда таңертеңнен бері 40 шақты муниципалдық автобус жолға шыққан жоқ, - деп хабарлайды 

Алматыда таңертеңнен бері 40 шақты муниципалдық автобус жолға шыққан жоқ, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Таңертеңнен бастап аялдамаларда тұрған адамдар саны жүзден асып кеткен, оның ішінде автобусты күтіп тұрған мектеп оқушылары, студенттер және зейнеткерлер бар. №30, 32 және 121 бағыттағы автобустардың жолға шықпағаны айтылды.

Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылардың айтуынша, автобустардың жолға шықпауының себебі - газ толтыратын бекеттің істен шыққан.

"Таңертеңнен бастап маған коммуналдық паркте газ толтыратын жанармай бекетінің істен шыққанын баяндап берген болатын. Сондықтан автобус жүргізушілері газ толтырып үлгермеген. Осылайша істен шыққан жанармай бекеттері таңертеңгі уақытта жөнделіп біткен. Оператор өздері үлгереміз деп ойлап, дер кезінде директорға ескертпеген, сондықтан мынадай қиындықтар туындап отыр", - деді Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Оның мәліметінше 40-қа жуық автобус газ толтырып үлгермеген. "Қазіргі уақытта олар жанармай құйып алып, жолға шығып жатыр", - деді Исахов. 

Алайда басқа бағытта жүретін жүргізушілер мен кондукторлардың айтуынша, олар жоспардың көбейтілгеніне байланысты шықпай отыр екен. Басқармада бұл мәліметті жоққа шығарды.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір