• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:57:51
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 NEWS

«Халал» қаржы құралдары Астанаға келуі мүмкін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына ресми сапарын даярлау аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар...

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясына ресми сапарын даярлау аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Ислам даму банкі Президентінің міндетін атқарушы А. Тиктикпен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында А. Мырзахметов пен А. Тиктик Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкінің арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Банк пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум ислам банкингінің дамуына серпін беріп, Ислам даму банкінің құнды тәжірибесін зерттеп зерделеуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті А. Мырзахметов.

Тараптар, сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігі және Қазақстан өңірлерінің инфрақұрылымдарын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 11-12 қазанында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған үкіметтік делегация Сауд Арабиясы Корольдігіне сапарлауда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір