• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:40:26
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 Денсаулық

Бұл сұрақтың жауабын Qamshy.kz тілшісі іздеп көрді. Бүгінде қала тұрғындары ғана емес, алыс аудан орталықтары да гамбургер, чизбургер, бигмак дегендерге үйреніп кетті. Түскі асқа уақыт аз бөлінетін мекемелерде істейтін кісілер үшін арасына сосиска салған немесе сиыр етінен әзірленген котлет қыстырылған шағын бөлкелер үйреншікті асқа айналғандай.

Мамандар фастфудтың адам ағзасына зияны туралы көп айтады. Бірақ осы «қазір-әзір» бөлкелер несімен зиян? Енді осыған тоқталайық.

Фастфуд атаулының құрамында тағамдық жасанды қоспалар бар

Ал жасанды қоспа атаулы адамның ішкі құрылысына орасан зиян екені белгілі. Гамбургер, чисбургерлерді жиі жеген адамның ас қорыту жүйесі бұзылып, ауруға шалдығады.

Фастфудқа қосылатын майлар канцерегендік элементтер бөледі

 Ал бұл ішек-қарынға қандай апат әкелері айтпаса да түсінікті. Зиянды элементтер адамның ағзасына тарап қана қоймай, бүйрек-бауыр жұмысының бұзылуына әкеп соғады.

Фастфудтың адам азғасына ешқандай пайдасы жоқ

 Денсаулыққа зиянды өнімді жегеннен гөрі аш болған артық. Бүгінде елімізде асқазан ауруларының көбейіп кетуіне де осы фастфудтың үлес қосып жатқаны жасырын емес.

Фастфуд жеген адамның денсаулығы көп ұзамай  мынандай зардап тартады:

Артық салмақ пен семіздік;

Ішкі құрылыстарға тас байлану;

Бүйрек аурулары;

Атеросклероз;

Гипертония;

Холестериннің көбеюі;

Бауыр ауруы;

Тісжегінің көбеюі;

Асқазан жарасы мен гастрит,  т.б.

Қысқасы, фастфудтың зиянды әсер етпейтін мүшесі жоқ. Оның ең алдымен семіздікке шалдықтыратынын американдықтардың өздері мойындап отыр. Бүгінде Америкада фастфуд тағамдарымен күрес шаралары жүргізілуде.  

Иә, құрамында ешқандай витамин, пайдалы заттары жоқ фастфудты жегенше, аз ғана уақыт бөліп, үйде әзірленген асты тұтынған артық емес пе?

Дана Қамшыбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір