• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:23:25
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 NEWS

Ақтөбедегі теракт кезінде әскери бөлімді шабуылдауға жол берген жергілікті полиция басшылары істі болды

Ақтөбедегі жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шоқановтың үстінен бас прокуратураның тергеу тобы қылмыстық іс қозғады, - деп...

Ақтөбедегі жергілікті полиция басшысы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шоқановтың үстінен бас прокуратураның тергеу тобы қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды  Qamshy.kz Азаттыққа сілтеме жасап.

Бас прокуратура жергілікті полиция басшыларын маусымның басында болған қарулы шабуыл кезінде «қызметте әрекетсіздік танытты» деп айыптап отыр. Бас прокуратураның тергеу тобы қылмыстық іс қаулысын 11 қазан күні қабылдаған.

Қаулыда келтірілген мәліметтерге қарағанда, бесінші маусым күні жергілікті полиция басшылары «Паллада» қару сататын дүкеніне қаруланған полиция қызметкерлерін жіберіп, одан кейінгі қылмыстардың алдын алу үшін әрекет етпеген. «Паллададағы» шабуылдан соң ұлттық гвардияның 6655 әскери бөліміе кеткен «қарулы топтың жолын кесіп, оларды ұстауға нұсқау бермеген». Яғни, кәсіби міндеттеріне немқұрайлы қараған.

Осыған байланысты полиция басшыларының үстінен қылмыстық кодекстің 370-бабының 4-бөлімі («қызметтегі әрекетсіздік») бойынша іс қозғалған.

Биыл маусымның 5-інде Ақтөбеде 26 адам екі қару-жарақ дүкеніне шабуылдап, ұлттық гвардияның әскери бөлімін басып алуға тырысқан. Шабуыл мен атыстан ресми мәлімет бойынша 7 адам қаза тауып, 40 шақты адам жараланған. Алты күнге созылған арнайы операцияда шабуылға күдікті делінген 18 адамның көзі жойылып, бірнеше адам ұсталған.

Шабуылға қатысты 29 адамға түрлі айып тағылып, олардың ісі сотқа жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір