• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:34:38
Алматы
+35°

13 Қазан, 2016 NEWS

Голландия адамдардың өмірден өз еркімен кетуіне рұқсат бермек

Голландия үкіметі эвтаназияны заңдастыру туралы жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Құжат бойынша «енді өмір сүрудің мәні жоқ» деп шешкен кез келген...

Голландия үкіметі эвтаназияны заңдастыру туралы жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр. Құжат бойынша «енді өмір сүрудің мәні жоқ» деп шешкен кез келген адам өз еркімен өмірмен қош айтыса алады ,-  деп хабарлайды Qamshy.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.

Тіпті ол үшін айықпас дертке шалдыққан болу да міндетті емес. Елдің денсаулық министрі мен Әділет министрінің парламентке жолдаған хаты бойынша, егер адам өмір сүргісі келмесе, оған лайықты түрде өлуіне рұқсат етілуі тиіс. Дегенмен хатта заң жобасының әлі де толықтыруларды қажет ететіні көрсетілген.

Болжам бойынша құжатты дәрігерлер мен этика саласының мамандары бірлесе отырып 2017 жылдың соңына дейін толық әзірлейді.

Айта кетейік, 2002 жылы Нидерланд – әлемде алғаш рет эвтаназияны заңдастырған мемлекет. Алайда ол заң бойынша өз өмірін қиюға тек айықпас дертке шалдыққандарға ғана рұқсат берілген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір