• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
13 Қараша, 05:04:50
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

14 Қазан, 2016 NEWS

Бірғаным Әйтімованың жолақты шұлығы жұрт назарын аудартты (ФОТО)

Сенатор Бірғаным Әйтімова киіп келген колготки желі қолданушыларын таңқалдырып, олардың қызу талқысына ұшырады. Бұл туралы

Сенатор Бірғаным Әйтімова киіп келген колготки желі қолданушыларын таңқалдырып, олардың қызу талқысына ұшырады. Бұл туралы Qamshy.kz  New Times-ке   сілтеме жасап хабарлайды. 

Қара жолағы бар колготкиді депутат бүгін сенаттың пленарлық отырысына киіп келген. Депутатты төмен тақалы туфлиі де ерекшелендіріп тұрды. Әйтімованың мұнымен не айтқысы келгенін отандық сәнгерлер сарапқа салып көрді.

Астаналық дизайнер Анастасия Романованың пікірінше, осы киімі арқылы депутат қоғамға үн қатып отыр.

“Ол елдің назарын өзіне аудару үшін осындай киім киген сияқты. Егер колготки қара немесе ақшыл сары болса ешкім назар аудармаушы еді. Тіпті жұрттың туфлиге де көзі түседі деп айту қиын. Мұндай колготкиді мен студент кезімде киетінмін. Қазір 27 жасымда ондай колготкилер көзге түрпідей тиіп, күлкілі көрінетіндіктен мен ондай кимеймін”, – дейді ол.

Бұл ретте Әсем Нұрсейітованың пікірі басқаша.

“Менімше ол бар болғаны өзі үшін ыңғайлы киім киген болу керек. Оған ұнап тұрса неге кимеске. Жұрттың пікіріне қарамай, біз әрқайсымыз өзімізге ұнаған киімді кие аламыз. Мен бір шеңбердің ішінде қатып қалған қағидаға сүйенгім келмейді. Сол себепті осындай креативті қолдаймын”, – дейді Нұрсейітова.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір