• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 17:56:52
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

14 Қазан, 2016 NEWS

Синоптиктер: Соңғы 100 жылда болмаған суық келе жатыр

Метеорологтар 2016-2017 жылдың қыс мезгілінде Еуропада соңғы 100 жылда көрмеген суық болатындығын айтып ескерту жасады. Алдағы уақытта біздің континет арқылы...

Метеорологтар 2016-2017 жылдың қыс мезгілінде Еуропада соңғы 100 жылда көрмеген суық болатындығын айтып ескерту жасады. Алдағы уақытта біздің континет арқылы Арктиканың ауа массалары ығысады, деді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды SZH.KZ сайтына сілтеме жасап.

Еуропа метеорологтары қарт құрлықтың тұрғындарына жылы киімдерін дайындап, суық атмосфераға қазірден қамдануды кеңес етеді. Неміс метеорологы Доминик Юнг mesastuces.net сайтының дәйексөзіне сүйене отырып, бұрын болып көрмеген суық ауа келе жатқанын айтып ескерту жасады.

Ең төменгі температура қаңтар мен ақпан айларында болады. Доминик Юнгтың сөзінше, наурыз айы да суық болып, күн сәуір айынан бастап жылына бастайды деп күтіледі. AccuWeather метерологы Джо Бастарди де әріптесінің бұл болжамымен келіседі. Оның пікірінше, алдағы қыс мезгілінде арктикалық ауа массасы Европаға келеді.

«Бұл феноменнің орын алуы ауа массалары алмасуының бұзылуымен байланысты. Оңтүстіктен қар мен дауылды шақыратын циклон келді. Мұның соңынан арктиканың ауа массалары келеді. Қозғалыс формасының бұзылуы күннің белсенділігінен болуы мүмкін.

Қазір біз ауа температурасының төмендеуін бақылап жатырмыз. «Жаһандық суыту» мен «мұз дәуірі» туралы айту әлі ерте, — дейді Фобос метеоорталығының қызметкері Елена Волосюк.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір